Пайғамбарымыздың (ﷺ) ата-анасының некесін кім қиған?
Пайғамбарымыздың (ﷺ) ата-анасының некесін кім қиған?

Абдулла әкесі Абдул-Мутталиб сияқты Ибраһим пайғамбардың дінін ұстанған. Меккенің көркем мінезді бозбалаларының бірі болған. Қаланың бойжеткендерінің бәрі оны ұнататын. Бірде кешкісін үйіне келгенде әкесімен арада неке туралы сөз қозғалады.

— Сені үйлендіретін уақыт келді ұлым. Менің ойымда бір қыз бар, егер ол қыз саған ұнаса, ата-анасына құда түсіп барамыз – деді сол сәт әкесі Абдул-Мутталиб. Әкесінің ойы — ұлын пұтқа табынушы емес, Ибраһим пайғамбардың дінін ұстанатын қызға үйлендіру еді.

— Мен сіздің маған тек жақсылық ойлайтыныңызға сенемін – деді Абдулла.

— Менің таңдауыммен келіскеніңе қуаныштымын. Онда құда түсуге кеттік – деді әкесі.

— Ол қыз кім? – деді Абдулла.

— Уақабтың қызы Әмина. Шынымды айтсам менің өзім де оны көрген жоқпын. Бірақ оның көркем мінезі мен адалдығы турасында естідім. Ол қыз өте тақуа. Оның үстіне олар біздің алыс туысқандарымыз – деп жауап берді әкесі.

Уақаб қонақтарын қуана қарсы алады.

  • О, Уақаб мен сенің қызың Әминаны ұлым Абдуллаға айттырғалы келдім – деп Абдул Муталлиб сөз бастайды.

— О, Абдул-Муталлиб! Біздің қызымызды Абдуллаға сенен бұрын айттырып қойды – дейді Уақаб.

Бұған Абдул-Муталлиб қатты таңырқайды. Оның таңқалған түрін көрген Уақаб сөзін жалғастырады:

— Менің жұбайым біздің үйіміздің қалай нұрға толғанын түсінде көріпті. Ал мен бабамыз Ибраһим пайғамбарды көрдім. Ол маған: «Мен Абдул-Муталлибтің ұлы Абдулла мен Әминаның некесін қидым және сен мұны қабылдауға тиіссің»-деді. Мен сендерді күні бойы күттім.

Мұны естіген Абдул-Муталлиб орнынын ұшып түрегеліп:

  • Аллаһ ұлық! Аллаһ ұлық!- деп айғай салады.

Осыдан кейін Абдулла мен Әминаның үйлену тойлары өтеді.

ihsan.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
9 жыл бұрын 5309
1 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232