Өз жұмыртқасын өзге ұяда қалдырудың себебі не?
Өз жұмыртқасын өзге ұяда қалдырудың себебі не?

Әне-міне дегенше көктемнің екінші айы да кіріп үлгерді. Қыстан кейінгі саябырсыған тіршілікті қайта қыздырып, адамзат қызу жұмысқа кірісер уақыт. Қара жер бусап, егін егу, ауладағы кішігірім бақшаға 1 жылға азық болар көкеніс, жеміс-жидек отырғызу науқаны басталатын кез. «Сәуір айы – тәуір айы» деп жатады. Бұл ай жақсылықтың, шуақтың, жылылықтың символына айналуының мәні де осы бір тіркеспен байланысқандай. Бұл айдың алғашқы күнінде Халықаралық құстар күні тойланады.

Сәуір – бұрынғы күнтізбе бойынша «көкек айы» деп аталған. Атаулы айдың жыл құсының атымен аталу себебі, дәл осы мезгілде көкектер жылы аймақтан біздің жерге ұшып келеді. Біржан салдың әніне арқау болған бұл құсты қазақ «аты жоқ құс» деп те атайды. Себебі, атын атап, өз-өзін шақырып жүретін бұл құс жайлы жалпы дерек мүлде аз көрінеді.

Көкек деген атауды естісек, есімізге тек негативті жаңалықтар түсетіні бүгінгі қоғамдағы келеңсіз жағдайлармен байланысты. «Көкек ана» деген ұғым соңғы жылдарда үлкен мәселеге айналды. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына тастап кететіні белгілі. Бірақ, ол құс өз балапанын қаламағаннан емес, оның болашағына алаң болып, балапанның амандығы үшін осындай амалға баруға мәжбүр болады. Ғалымдар ұяда жұмыртқа баспайтын көкек жайлы екі түрлі тұжырым жасайды.

• Біріншісі, барлық мәселе атаулы құстың аналығында емес, аталығында екен. Себебі, көкек-аталық аналықтың жұмыртқасына өш келеді. Сол себепті, балапанды жыртқыш әкеден қорғау үшін аналығы жұмыртқасын өзгенің ұясына тастауға мәжбүр болады;

• Екіншісі, құстың дене жаратылысы балапан басуға қабілетсіз. Бұл дәйектерге сүйене отыра, бұл көкекті мейірімсіз, тасжүрек құс деп айта алмаймыз. Оның жаратылысы сол, ол тек заңдылыққа бағынады. Ал, адам болып туылу бақытына ие болған бүгінгі қоғамның талқысындағы безбүйрек ананың қылықтарын қалай түсінуге болар екен, өкініш.

massaget.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 4294
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232