Қазақстан президенті Сербия басшысын «Достық» орденімен марапаттады. Ал Н.Назарбаевқа Әулие Савваның атындағы орден берілді.
Қызық көрініп кетіп, Қазақстанның мемлекеттік ордендерінің атауларын шолып шықтым. Бізде кие тұтатындай, сакральді атаулар жоқ екен. Әулие мен батырлардың есімдері халықтың рухын көтереді деуші еді. Не батырды, не әулиені мойындамайды екенбіз. Әйтпесе есімі орденге сұранып тұрған тұлғалар жетіп-артылатын сияқты.
Қазақстан Республикасының ордендері:
1) Алтын Қыран
2) Отан
3) ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтана Назарбаев атындағы орден
4) Даңқ
5) Айбын
6) Парасат
7) Достық
8) Құрмет
9) Барыс
10) Еңбек даңқы
Атаулар тым жеңіл көрінген соң, басқа жұртты көрейінші деп шетелді шола бастадым.
Ресейде:
Орден Святого апостола Андрея Первозванного
Орден Святой Екатерины
Орден Святого Александра Невского
Орден Святого Георгия
Орден Святого Владимира
Орден Святой Анны
Орден Святого Иоанна Иерусалимского
Орден Святого Станислава
Украинада:
Орден князя Ярослава Мудрого
Орден Богдана Хмельницкого
Орден Героев Небесной Сотни
Орден княгини Ольги
Бұларды қойшы, Еуропаның көзі ашық қой деп Францияға секірдім:
Орден Святого Михаила
Орден Святого Духа
Орден Святого Лазаря Иерусалимского
Орден Кармельской Богоматери
Военный орден Святого Людовика
Орден Святого Губерта
Испанияда:
Орден Карлоса III
Орден Королевы Марии Луизы
Орден Святого Фердинанда
Орден Святого Эрменегильдо
Орден Изабеллы Католической
Орден Сиснероса
Орден креста святого Раймунда Пеньяфортского
Бәрін қойшы, өзіміздің бауырларда қалай екен деп байкелер мен акаларды қарап шықтым. Қырғызда Манас деген жалғыз батыр еді, соған үш дәрежелі марапат беріліпті. Ал Өзбекстанда Әмір Темір мен Жалолиддин Мәңгібердінің атында бір-бір марапаттан бар.
Сәкен Нұрқабекұлының «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды
Abai.kz