Нарынқолдық жігіт Лондондағы ғарыш Компаниясының басшысы болды (видео)
Нарынқолдық жігіт Лондондағы ғарыш Компаниясының басшысы болды (видео)
Алматыдан шалғайлау орналасқан Нарынқолдың Хан-Тәңір тауының баурайында туып өскен Сапар Сатай Нарынқолдағы ауыл мектебін бітіріп, Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университетіне физика факултетіне оқуға түседі.
 
Өмірін ғылым мен байланыстырған ол магистратураға Италияның Ла Сапенза (La Sapienza) университетіне геополитика және әлемдік қауыпсіздік мамандығына түседі. Бұл мүлдем жат сала болғандықтан қанша қиналсада оқуын жақсы нәтижемен аяқтап отанға оралады да Астанадағы Ұлттық Ғарыш орталығына жұмысқа орналасады.
 
Осы компанияда 5 жыл жұмыс жасап екі үлкен жобаға қатысады: алыстан басқарылатын жасанды серік (спутник) жасау, зымран құрастыру және спутник басқару жүйесі.
 
Осыдан соң Болашақ бағдарламасы мен Германиядағы әйгілі IABG компаниясында "Ғарыштық жүйелерді сынау орталығының инженер" мамандығын алыпты
 
Осы жерде істей жүріп, апта соңында сабаққа қатысып жүріп, атақты UC Berkeley университетінен MBA (бизнес) оқып алыпты.
 
Енді Болашақ бағдарламасы мен кеткен соң қайтып келіп кем дегенде үш жыл елімізде қызмет өтеу керек қой, заң бойынша. Ол заңнан аттамай 3 жыл Астанада бұрынғы жұмысын жалғастырыпты.
 
Сөйтіп жүргенде жаңағы Әлемдік Аэроғарыш Компаниясынан шақырту алыпты.
 
Бар арманым "осы Лондонда 5-6 жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинап, елге қайтып келіп Орталық Азиядағы түркі тілдес елдердің ғарыш саласын дамытқым келеді" деп жазған екен Сапар Сатайұлы.
 
Біз де өз тарапымыздан елім деген отаншыл ұлдың ғылым жолындағы сапарына сәттілік тілейміз.
 
Авторы: Жексен Тоқтарбай
Дерек көзі: gylym.kz
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 1707
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232