Мұсылманша жерлеу қымбатқа түседі
Мұсылманша жерлеу қымбатқа түседі

Коронавирустық инфекцияның таралуымен елімізде марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу қызметінің бағасы орта есеппен 39 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін артқан. Бұл туралы baigenews.kz cайтына сілтеме жасап, kznews.kz сайты хабарлады

Мәселен Шымкент қаласында жер қазу 10 мың мен 22 мың теңге аралығында болса, жерлеу қызметі 5 мыңнан басталып 10 мың теңгеге дейін жеткен. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана БСО» мекемесінде жерді мұсылманша қазу 19 400 тенге, жерлеу 6600 теңге, ал христианша жер қазу 14 200 теңге, жерлеу 6600 теңгеге бағаланған.

Қазақстан Республикасындағы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жерлеу қызметінің ақысының күрт өсуін зерттеді. Олардың айтуынша нарықта бағаның өсуіне салаға делдалдар мен кез келген кәсіпкердің еркін кіруі себеп болған. Тіпті, өзінің арнайы көлігі болмаған кәсіпкерлер мәйітті қарапайым жеңіл көлікпен тасымалдаған.

Ал елордалық жерлеу қызметін ұсынатын жеке кәсіп Мәди Жуанханов пандемия кезінде жерлеу ақысының өсуінің өзіндік себебі бар екенін айтады.

«Баға өлімнің себебіне байланысты әр түрлі болды. Мәселен КВИ-ден қайтыс болғандарды жерлеу ақысы 20 пайызға өсті. Өйткені, онда қорғаныш киімдері сынды арнаулы заттар сатып алу керек болды. Оған қоса, көпшілік мәйітті жуындырып, кебіндеуден басталып, жерлеуге дейін жалғасатын кешенді қызмет түрлерін көп алмайды. Тек тасымалдайтын көлік пен жер қазуды сұрайды», дейді жеке кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша, баға мәйіттің дініне байланысты да әрқилы болады екен.

«Мұсылманша жерлеудің әкімдік бекіткен бағасы 97 мың теңге. Ал христиандарға 25 мың теңге. Мұсылмандарды жерлеу 2012 жылы 85 мың теңге болса 2021 жылы баға 12 мың теңгеге өскен. Бұл аралықта жанармай, қосалқы бөлшектер, материалдардың да бағасы өсті.
Көпшілік 97 мың теңгені қымбат көріп, өздері жерлеу тырысады. Бірақ, соның өзінде бірнеше есе қымбат түсіп жатады», дейді кәсіпкер.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 1820
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232