Футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлерді былай қойғанда, барша адамзатқа, күллі әлемге әйгілі спортшы, қазіргі таңда Италияның "Ювентус" клубының ойыншысы Криштиану Роналдуның атақ-даңқы шартарапқа жайылған өзге спортшыларға қарағанда, мәселен, Месси, мұсылмандарға бүйрегі бұрып тұрады. Таяуда ғана Instagram әлеуметтік желісінде жұртпен тілдескен саңлақ спортшы әуелгі сөзін мұсылманша амандасудан бастағаны бұл сөзімізді растай түседі. Исламофобиялық жат әлеуметтік құбылыс асқынып тұрған батыста оның бұл бір ғана сөзі біреулер үшін түкке тұрғысыз болып көрінетін шығар, десе де оның бұл әрекеті миллиондардың исламға деген көзқарасын жақсы жағына өзгертеді. Иә, аты аңызға айналған атақтылардың сондай еліктіріп әкететін осындай ерекшелігі бар. Оның мұсылмандар турасындағы, ислам жайындағы мына жалынды сөзі де көпке ой салатыны сөзсіз:
Криштиану Роналду
Мен Мұсылмандарды неге жақсы көрем?
... Балалық шағым қиын болды. Кедейшілікте өмір сүрдік. Көрші балалар мен достарым жаңа ойыншық алып жатқанда қатты қызығатын ем. Мектепке жаяу баратынмын, көбіне бара алмайтынмын, тым кедей тұратынбыз. Бар ермегім доп болды, барлық жоқ нәрсеге деген өшімді допты теуіп алатын едім...
Мен африкалық балаларға байлығым тасып баратқаннан емес, атақ үшін емес, олардың қазіргі күйін бір кезде көргеннен, жағдайын сезінгеннен қайырымдылық жасаймын.
Менің атымды атап, маған кішкентай қолдарын созған палестиналық аш, жалаңаш балақайларды көргенде көз жасым тоқтамайды. Даңқ пен арзан мақтан үшін қайырымдылық жасамаймын, менің жүрегім езіледі оларды көргенде.
Мен туралы өсек, өтірік тарату жеңіл, қайыр, садақа бергенімді алдамшы әрекет деп бағалай салу оңай. Әлбетте, әркім өз деңгейінде ойласын.
Мен мұсылмандардың ешкімге зиян келтірмей, керісінше, өзіңе пайда тигізе отырып жақсылық жасай алатынына қайран қалам. Мен мұсылмандардың өміріндегі әр іс әрекеттің орнымен жасаларына қайранмын. Оларда берекетсіздік пен бекер тыраштану болмайды, қол жуатын суға дейін құрметпен қарайтынын кішіпейіл, қанағатшылдығын сүйем.
Мен мұсылмандар туралы, Ислам туралы көп нәрсе білем, ол қазіргі Сіздер оқып жүрген басылымдардағы "исламнан" басқаша дүние. Таза, тұнық әлем!