Жетімдер үйіндегі қолы жоқ пианист (видео)
Жетімдер үйіндегі қолы жоқ пианист (видео)

Қазан қаласындағы жетімдер үйінің 15 жастағы тәрбиеленушісі Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін. Несімен? Талантымен. Оның туабітті қолы жоқ. Соған қарамастан пианиноның құлағында ойнайды. Анасы да оны осы кемістігі үшін тастап кеткен болатын. Біз сөз етіп отырған Алексей Романов ән-күй десе ішкен асын жерге қояды. Ол музыкаға деген құштарлығымен бойындағы кемістіктің кедергі келтірмейтінін дәлелдеді. Анасы тастап кеткен әрі кемтар оның болашағы бұлыңғыр еді. Алланың құдыретімен 13 жасында музыкаға деген қабілеті байқалды. Ол алдымен кинофильмдердегі әуендерді ойнап, жаттыға бастады, содан кейін аталған қаладағы №4 мектеп-интернаттың ән-күй сабағының мұғалімінен дәріс алды. Көп ұзамай республикалық деңгейде өткен өзімен құралпас пианиношылармен жарысқа түсіп, жеңімпаз атанды. Оның ғаламторға салынған өнері талайларды тамсандырып, танымал етті. Өнерімен өзін мойындатқан оның аяғына протез салуға қаржы жиналды. Тағы бір жағымды жаңалығымыз, оны бір отбасы асырап алды.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
9 жыл бұрын 3595
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232