«Жасар» қандай сөздермен тіркеседі?
«Жасар» қандай сөздермен тіркеседі?

Қазіргі таңда БАҚ беттерінде болсын, әлеуметтік желілерде болсын «отыз бес жасар әйел, қырық жасар ер азамат» деген сияқты тіркестер көптеп кездеседі. Осы арадағы «жасар» сөзі барлық сөзбен бірдей тіркесе ала ма? Неліктен қате болып саналады? Бұл жайында stan.kz ақпарат көзінің материалынан біле аласыздар. 

Қазақ арасында «жасар» деген сөзді балаға қатысты қолданады. Мысалы, бес жасар бала, төрт жасар інім т.б.
Егер ересек адамның жасы туралы сөз болса, «жастағы, жасқа келген» деген сөздерді қолданған жөн. Мысалы, елу жастағы әйел, алпыс жасқа келген азамат, т.б. 

Сонымен қатар, «Толған», «келген», «алқымдаған», «келіп қалған», «жасаған» деген сөздер де әр түрлі жасқа қарай таңдап айтылады. Мысалы, «алпысты алқымдаған, қырыққа келіп қалған, елуге келген, тоқсан жас жасаған» т.б.

Қазақ тілінің байлығы ұшан-теңіз. Қазынамызда бар сөздік қорымызды пайдалана алмай жүрген өзіміз. 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 жыл бұрын 2283
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232