Halyk Bank кәсіпкерлерге арналған жаңа халықаралық төлем жүйесін іске қосты
Halyk Bank кәсіпкерлерге арналған жаңа халықаралық төлем жүйесін іске қосты

Кәсіп иесіне кейде әртүрлі мақсатта халықаралық төлемдер жасауға тура келеді. Көп жағдайда оның адресатқа дұрыс жетіп, жетпегенін бақылай алмаған тұтынушылар қысылып жатады. Халықаралық төлем жасау кезінде тұтынушы өзіне түсетін сома мөлшерін және оның қашан жіберілгенін ғана білетін. Ал ол қаражаттың шотқа қашан түсетіні, төлемнің құжаттары қалай рәсімделгені, комиссия мөлшері, ақырғы түсетін сома жайлы ақпараттан бейхабар болатын. Бұл ақпаратты төлем жасаған банк және оны қабылдайтын банк те білмейтін. Ал енді заманауи технологиялар арқасында халықаралық төлемдер жайлы ақпаратты көруге, бақылауға болады. Жаһандық заманның жаңа жетістігі енді отандық тұтынушылар үшін қолжетімді. Halyk Bank өз клиенттеріне SWIFT GPI (global payment innovation) деп аталатын халықаралық қызметін іске қосты. Бұл қандай қызмет және көптен бері басты ауыртқан мәселеңізді қалай шешеді? Бұл туралы stan.kz ақпарат көзінің материалынан біле аласыздар.

Аталған қызмет кәсіпкерлер үшін өте тиімді болмақ. Себебі, енді олар халықаралық төлемдерді нақты дәл осы сәтте жасап, төлемнің жай-күйін Onlinebank қосымшасы арқылы онлайн бақылайды. Онымен қоса, төлем процесін қадам-қадаммен қадағалап, басқа банктердің алатын комиссиясы жайлы шынайы ақпарат алады.  

Бұған дейін халықаралық аударымдар жасаған банк тек өзінің іс-әрекеттерін көре алатын, енді бұл қызмет арқылы төлемнің әрбір кезеңі қолжетімді болмақ. Бұл дегеніміз банк те, клиент те төлем жібермес бұрын төлемнің қалай жүзеге асатыны және нақты жәй-күйін бақылай алатынын білдіреді. 

Технология қарыштап дамыған кезеңде барлық деректердің тез жаңаруы, оларды басқара алу мүмкіндігі, әрі ақпараттың ашықтығы – SWIFT GPI қызметінің басымдылығы деп ауыз толтырып айтуға болады.

Halyk Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин аталған жүйені іске қосу арқылы тұтынушыларға деген қарым-қатынастың түбегейлі өзгеретінін айтады. Айтуынша, ұсынылып отырған қызмет – банк саласындағы цифрландырудың жемісі. 

«SWIFT GPI жүйесі – нарықта баламасы жоқ қызмет. Төлем процесін айтарлықтай оңтайландыруға, оның тиімділігі мен анықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметі кезінде маңызды рөл атқарады. Валюталық төлемдердің жылдамдығы мен ашықтығы аударылымдардың қаншалықты тиімді екенін көрсетеді. Мәселен, GPI төлемдерінің 40%-ы 5 минут ішінде тиісті мекенжайға түседі. Шын мәнінде, бүгінгі таңда ұсынылып отырған қызмет – Halyk Bank-тің банк қызметтерін цифрландыру процесінің тағы бір сәтті көрінісі. Біз клиентке деген қарым-қатынасты, онымен жұмыс істеу моделін өзгертуге басымдық береміз» - дейді Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин.

SWIFT GPI қызметі Halyk Bank-тің төлемдер жүйесіне қосылған және клиент тарапынан артық іс-әрекетті талап етпейді. Қазірдің өзінде бұл қызмет тегін көрсетіледі және клиенттер үшін Onlinebank жүйесінде кез келген халықаралық төлем жүргізуге қолжетімді. Аударымды валютамен жібергеннен кейін, Банк өз тарапынан қаржыны аудару үшін  бірегей код белгілейді, ол төлем жасау бағытында өзгермейді. Бірегей код бойынша төлем қабылдайтындар мен оны жіберушілер кез келген уақытта төлемнің күйін бақылай алады, сондай-ақ, корреспондент-банктер ұстайтын комиссия жайлы ақпараттарды ала алады.
Яғни, енді Банк клиенттері қаражатты әлемнің қай түкпіріне жіберсе де, оның тиісті жерге қай уақытта жеткенін біле алады. 
Onlinebank жүйесіне қосылған аталған қызмет  Halyk Bank клиенттеріне қолжетімді. SWIFT GPI Tracker қызметі арқасында клиенттердің әр төлемі бақылауда әрі ашық болады. Қызмет клиенттерге мына нәрселерді тексеруге мүмкіндік береді:

                         – Төлем күйін
                         – Төлемнің орындалған уақытын
                         – Алынатын комиссия мөлшерін
                         – Соңғы тұтынушы есепшотына түсетін қаржы сомасын

Сондай-ақ, бұл арқылы:

  – Банк пен клиент төлемдерді нақты уақыт кезінде бақылай алады;
  – Ақша қаражаты соңғы шоттарға 24 сағат ішінде түседі;
  – Алынатын комиссия толықтай қолжетімді болады.

SWIFT GPI жүйесі – қызмет көрсету деңгейін және шетел валютасындағы есеп айырысу сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін технология. Ол өз клиенттеріне трансшекаралық төлемдердің инновациялық тәжірибесін ұсынғысы келетін бүкіл әлемдегі банктерді біріктіреді. GPI-ға қатысушы банктері қызмет көрсету деңгейі және ақша аударымдарын орындау мерзімі туралы келісімдер шарттарын сақтауға міндетті, осылайша, ол жоғары жылдамдықта орындалу кепілдігін арттырады.

Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) қаржы топтары ішінде көшбасшы, әрі Қазақстандағы ең үлкен клиенттер базасы мен тарату желісі бар жалғыз банк. 

Банк өзінің жеке клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және ұжымдық клиенттерге қызметтердің кең спектрін ұсынатын әмбебап қаржы тобы (банктік, брокерлік, сақтандыру, лизинг және активтерді басқару).
«Қазақстан Халық Банкі" АҚ өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырады.  "Қазақстан Халық Банкі" АҚ  бағалы қағаздың сәйкестігін белгілеу, бағалы қағазды қор биржасындағы айналысқа жіберетін листингтік компания болып табылады. Ұйымның бағалы қағаздары Қазақстанның қор биржаларында (KASE, AIX) және Ұлыбритания (LSE) айналысқа түседі.

SWIFT GPI жүйесі – қызмет көрсету деңгейін және шетел валютасындағы есеп айырысу сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін технология. Ол халықаралық төлемдердің инновациялық жолмен жүзеге асыруды ұсынады, бүкіл әлемдегі банктерді біріктіреді.

Осылайша, қаржылық хабар алмасудың жаңа форматы арқасында банктер жұмысы қоғамға одан ары тиімдірек болды, тіпті, бизнестің өзі өзгеруде.  Бұл – өз кезегінде қаржылық технологияларды цифрландырудың жаһандық деңгейге жеткенінің көрінісі.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 жыл бұрын 3821
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232