Вегетариандықтың пайдасы мен зияны жайлы талас-тартыс ешқашан басылмайтын сияқты. Десе де, еттен түбегейлі бас тартқан кезде ағзағызда қандай өзгерістер болатынын біле жүріңіз.
1. Сіз бірнеше килограмм жоғалтасыз
Еттен бас тартқан адамдар орта есеппен айына 4,5 кг салмақ тастауы мүмкін. Бұл жағдайда каллорияны өлшеп, физикалық жұмысты көбейтудің қажеті шамалы.
2. Сіздің ішегіңізде көп мөлшерде қорғаныш бактериялары пайда болады
Ішек микрофлорасында вегитарияндықтар мен қарапайым адамдарда өзгешелік бар. Әртүрлі зерттеулер өсімдіктермен тамақтанатын адамдарда қорғаныш бактериясының көп болатындығын айтады. Бірақ, ішек микрафлорасы қалпына келіп, емделгенше біраз уақыт кетеді. Бастапқыда іш кеуіп, газ пайда болады. Себебі ішек пен асқазан өсімдіктерге қарай ығысады және ферменттердің жетіспеушілігі пайда болады.
3. Теріңіз жасара түседі
Көптеген вегетариан жеміс-жидек пен көкөніс жегелі терілері тазарып, безеу, қара нүктелердің азайғанын айтады. Ал ғалымдар мұны егер еттің орнына өсімдіктерге көшсе, адамның ағзасынан таксиндерді шығаруға болады дейді. Бұл жағдай терінің жақсаруына негіз бола алады.
4. Сізде көбірек энергия пайда болады
Бұл – еттен бас тартқан адамдарда болатын ең басты өзгеріс. Бұл – күні бойғы шаршаудың азаюы. “Егер мен бұрын бір күн кешке дейін жай отырғаннан қатты шаршасам, енді жаттығу жасасам ғана шаршайтын болғам”, – дейді вегетариандардың бірі. Яғни бұл диета шлактарды шығарып, салмақ тастауға ғана емес, оған қоса жеңілдік сезімін сыйлайды.
5. Жүрек-қан тамырлары ауыруларының пайда болу қаупін азайтады
Ет жеуге деген махаббат пен жүрек-қан тамырлары ауруларының арасындағы байланыс ғалымдармен көрсетілген. Оған қоса, жуырда америкалық зерттеушілер еттің крнитині ішекте химиялық реакция тудыратынын, жүрек бұлшық етіне кері әсер ететінін анықтады. Айта кететін жайт, вегетариандар гипертония, қант диабеті, тік ішек және ішек рагынан аз зардап шегеді.
6. Холестириннің мөлшері үш есе азаяды
Өсімдік диетасына өткеннен кейін қандағы холестириннің мөлшері айтарлықтай төмендейді. Бұл өзгеріс холестиринді түсіретін дәрілердің көмегімен бірдей болады. Шындығында, бұдан сіз ешқандай жағымсыз әсерде болмайсыз. Ал, атеросклерозға бейім адамдарға көкөніс диетасы керемет нұсқасы болып отыр.
7. Сіздің “жақсы” гендеріңіз іске қосылады
Жуырда, ғалымдар қоршаған ортаның гендердің жұмыс жасауына үлкен ықпал ететінін анықтады. Адам денесінде “жақсы” және “жаман” гендер болады екен. Егер адам салауатты өмір салтын ұстанбаса, созылмалы аурулар мен семіздікті тудыратын “жаман” гендер іске қосылады. Егер салауатты өмір салтын ұстанатын болса, онда гендердің ауысушылығы болады. Ал еттен өсімдіктерге көшу арқылы ағзаны тазартатын жақсы гендердің іске қосасыз.
8. Қоректік заттардың жетіспеушілігі туындауы мүмкін
Еттен бас тартқан жағдайда йод, темір, D және В1 витамині сынды кейбір қоректік заттардың жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Бірақ, оған қоса зерттеушілер тағамда жаңғақ, бұршақ пен қою-жасыл көкеністер болмаса, жүйе қалпына келеді дейді. Одан бөлек қоректік заттардың жетіспеушілігін дәрумендер мен қоспалар арқылы толықтыруға болады.
9. Дәм сезбеушіліктің пайда болуы
Мырыш – адам ағзасына қажетті элемент, одан бөлек дәм сезу процесіне жауап береді. Ет пен устрицаларда мырыш көп мөлшерде кездеседі. Алайда, бұл тағамдардан бас тартқан вегетариандықтар басқа балама іздеуге мәжбүр болады. Құрамында мырышы бар оптималды нәрселер жаңғақтар және сүтті тағамдар болып табылады. Ең аз дегенде вегетарияндықтарға күніне 50 пайыз мырыш қабылдау керек.
10. Бұлшық еттердің қалпына келуіне ұзақ уақыт қажет болуы мүмкін
Ақуыз тек бұлшық еттердің қатаюына ғана емес, көп салмақ түскенде қалпына келтіруге көмек береді. Бұл үрдісті жануар ақуызы жүзеге асырады. Сонымен қатар, өсімдік ақуызы да асықпай әсер етуімен жүзеге асыра алады. Диетологтар спортшы-вегетариандар мен спортшы-вегилдарға ақуызды сұйық күйінде жаттығудан кейін қабылдауға кеңес береді. Бұндай қалыпта ол тез сіңісіп кетеді екен.
http://stan.kz