Есте сақтау қабілетін жақсартудың оңай жолы табылды
Есте сақтау қабілетін жақсартудың оңай жолы табылды

Канада Уотерлу университетінің нейробиологтары кітапты дауыстап оқығандардың есте сақтау қабілеті жақсы болады деген қорытынды шығарды. Бұл туралы Memory журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Зерттеуге 95 адам қатысты. Еріктілер жазбаша ақпаратты төрт әдістің бірімен есте сақтап қалуға тырысты. Олар мәтінді ішінен немесе дауыстап оқып, өзінің не басқа біреудің дыбыстық жазбасын тыңдады. Тест нәтижесінде ауызша сөйлеу мен тыңдау бірдей әсер етеді, ал жазылған ақпарат жақсы есте қалады деген қорытынды шығарылды.

Ғалымдардың айтуынша, ақпаратты ұзақ есте сақтап қалу үшін кітапты дауыстап оқыса, сөздер ұзақ есте қалады. Мәтінді көшіріп басу да дәл осылай әсер етеді. Егер егде жастағы адамдар осы тәсілді қолданса, сөзжұмбақтарды оңай шеше алады.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 3569
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232