Естай Божан: Ресей Украинаға шабуыл жасай ма? - риторикалық сауал төңірегінде...
Естай Божан: Ресей Украинаға шабуыл жасай ма? - риторикалық сауал төңірегінде...

«Ресей Украинаға шабуыл жасай ма?» деген сұрақ талқыланғалы көп болды. «Путин не ойлап отыр?» деген сұраққа ілесе геосаяси аренадағы Путиннің ықпалы өсіп жатыр. Бұны «қара пияр» десе де болатындай.

Байденнің «Путинге жеке санкция салуымыз да мүмкін» деген сөзіне сену қиын. Егер солай істеген күнде де бұл тактикалық қателік болар еді. Неге десеңіз бірнеше себеп көрсетуге тура келеді, ең әуелі Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесте тұрақты мүше екенін ескерсек, ірі держава лидеріне қарсы санкция Қауіпсіздік кеңес сынды маңызды халықаралық институтті күйретуіне алып келеді (онсыз да бұл кеңеске сенім әлсіреп барады).
Екіншіден, бұл Путиннің ел ішіндегі беделін жоғарылатып, оны тіпті де батыл қадам жасауға итермелейді. Тағы бір қырынан қарағанда Путинге салынған санкция практика жүзінде іске аспай қалуы да мүмкін, оның заңды-заңсыз қаржылары көбінше өзінің емес, сенімді адамдарының атында. Бұған қоса, Путин қаншалықты агрессивті лидер қатарында бағаланса да, Иран ядролық келісімі, Солтүстік Корея, Сирия мәселелерінде оның ықпалы күшті. Иран мен Солтүстік Кореяны келіссөздерден теріс айналдыруға тырысады, әрі оған мүмкіндігі көп Оның соңы АҚШ, Британ бастаған Батыс әлемі үшін жаманға соғады.
Санкция салынған күнде де бұл қадам соғыс басталып, едәуір деңгейге жеткенде жасалуы мүмкін.
«Соғыс бола ма?»
Шыны қайсы, өтірігі қайсы, Ресей басшылары «Біз соғысты қаламаймыз» дегенді қайталай берді. Кім қалаушы еді? Өткен ғасырдағы екі реткі жаһан соғысының белді ойыншылары әуелде соғысты қаламаймыз дескен. Бәрінің «әскери күшін көрсетіп қорқыту» деуне негіз бар. Бірақ, осының өзі бейбітшіліктің ұстараның жүзінде тұрғанын білдіреді. Ұрысты күтіп тұрған әскери күштер, шиеленіскен жағдай, келісімдердің бұзылуы, ұстанымдардың қайшылығы... Бар болғаны күтпеген бір ғана оқыс оқиға тараптардың қанды қасапқа ат қоюына жеткілікті. Одан кейін соғысты қалайсың ба, қаламайсың ба бәрі бір.
Мәскеудің «өзіміздің қауіпсіздігіміздің қамы» деп гөйтуінде де шындық бар. 2011 жылдардағы «Араб көктемінің» толқыны Ресейдың жан-жағынан жақындап келіп қалды. Украина, Беларусь, тіпті 30 «мыңқ етпеді» деген қазақ қоғамы да бір сілкініп тастады. Қазір әлем «Орыс көктемін» күтіп тұрғандай, тіпті «ендігі кезек Ресейде» дейтіндер де бар. Егер Кремльде отырып қарайтын болсақ «айналамызды түгел өрт шалды» дейтін едік. Бұны негізі дербес кең тақырып етіп талдау керек.
Ал, «Путин не ойлап отыр?» дегенге келсек, жеке ойым мынадай:
Путин тарихта ешбір диктатор құтылып көрмеген тығырықтан өзгеше жол тауып шығып кеткісі келеді. Тарихта жоқ практикаларға бәс тігіп, тәлейін сынайды дегендей. Бірақ, 2014 жылдан бергі қалыптасқан жағдайдың масштабты картасынан қарағанда, Путиннің кезекті әскери дөңайбаты ұзақ мерзімдік стратегиясының бір бөлігі. Бұл іс-қимылдардың бастауы Қырым дағдарысынан бұрынғы уақытқа апарады. Кейбір сарапшылардың «Украинада соғыс басталмайды, соғыс жалғасып жатыр» дегені де рас. Ресей Ураинаның ғана емес, НАТО мен өзге Батыс жұртының қарсыласудағы ерік-жігерін бағалап көрді. Соғыс бәріне тиімсіз екенін біледі, тіпті өзіне де, бірақ сол соғысқа ең жақын шекке дейін барып «орыс мінезін» әйгілегісі келгендей. Былайша айтқанда шығынмен есептеспейтін, бір ғана стратегиялық мақсатқа қарай жүре беретін «мәскеулік мінез».
Қазіргі қайшылықтың бір басында Ресей екінші басында Украина тұрған жоқ, Украина орнында НАТО-да тұрмаған болуы мүмкін. Бұл Еуропадағы энергия нарығына деген АҚШ пен Ресейдің бәсекесінен туған болуыда мүмкін. Яғни, «Солтүстік Ағын-ІІ» газ құбырына қатысты. Бұдан бұрын Құрама Штаттардың теңіз астынан мол газ-мұнай қорын тапқаны туралы хабарлар тарады да, артынша толассыз ақпараттық ағын ішінде ұмытылп кетті. Байден әкімшілігі қазір әлемдік ірі мұнай-газ компанияларымен сөйлесіп жатыр, Ресей газ жеткізуді тоқтатқан жағдайда, Еуропаны газбен қамдау мәселесі бойынша. Осы детальдарды біріктіргенде кейбір нәрселер анық бола түскендей. Яғни, қаңтардың орта шеніндегі Ресеймен өткен келіссөз кезінде НАТО, ЕЫҚҰ-мен қатар АҚШ дербес екіжақты келіссөз өткізді. Неге Польша емес, неге Британия емес, неге Украина емес? Қызық...
Келер аптада Путин Бейжіңге барады. Бұл сапарында ол қытайлық әріптесі Симен Шығыс Еуропадағы, жалпы «Батыспен қарсыласудағы» өзекті мәселелерді талқылайтыны сөзссіз. Қазір Мәскеу мен Бейжіңнің Батыспен мәмілесі бұзылып, «жауының жауы сенің досың» деген күйде тұр. Бұл кездесуден кейін Си мен Путин Украина мен Тайуан мәселесі бойынша әрекеттерді үйлестіруі де ғажап емес. Тіпті, олай бомаған күнде де Батыс тарабынан Шыңжаң мәселесі сынға ұшырап, Олимпиада ойындарының өтуіне сын-пікір күшеп тұрғанда Ресей басшысының шараға қатысып, қолдау көрсеткенінің өзі неге тұрады.
Путинның Бейжің сапарынан кейін, сарапшылар Қытай мен Ресейдің әр бір қадамын ортақ бақылап, қандай-да бір үйлестірілген әрекеттердың бар жоқтына назар аударуы керек. Егер Мәскеу мен Бейжіңнің іс-қимылдары үйлестірілген болса, қайшылықтың жаһандық деңгейге көтерілгенін білдіреді.
Ең қызығы, АҚШ пен Ұлыбританияның кейбір әрекеттері Ресейді соғысқа итермелеп отырғанға ұқсайды. Айталық, Украинадан азаматтарын шығаруы; елшілік қызметкерлерін эвакуациялауы; Ресейдің талабын батыл кері қайтаруы секілді. Украинадан елішілік қызметкерлері мен азаматтарын шығару әрекеттерін украиналық саясаткерлер де сынға алды. Үйтетіні, украин қоғамының қазіргі көңіл-күйіне тікелей әсер етеді, әрі Мәскеудің де жедел әрекет етуіне түрткі болып кетуі мүмкін еді.
Бұл нені түсіндіреді... Соғысса Путиннің шамасы белгілі болады.
Әңгіме көп...
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 1845
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232