Британдық мамандар су жұтатын тас жол ойлап тапты (ВИДЕО)
Британдық мамандар су жұтатын тас жол ойлап тапты (ВИДЕО)

Tarmac ағылшын компаниясының мамандары нөсер жаңбырдан соң жолда болатын су тасқындарының алдын алатын арнайы тас жол ойлап тапты. Бұндай ерекше тас жол түрін жасау үшін Tarmac компаниясынан 60 адам жұмысқа кіріскен. Көлік қозғалысына төтеп бере алатын арнайы тас жолды ойлап табу мамандар үшін оңайға соқпады. Бұл жайында qamshy.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Tarmac Topmix Permeable тас жолының артықшылықтары мен кемшіліктері

Инновациялық материалды мамандар Tarmac Topmix Permeable деп атады. Бұл ультратесікті бетон нөсерден кейінгі су тасқындарын жоюға бағытталған. Ең бастысы, тас жол көлік жүргізушілері үшін қауіпті болмауы тиіс.

Ағын су материалдың жоғарғы қабатындағы қиыршықтан жер асты топырағына ағып кетеді. Бұл инновациялық жабдықтау 60 секундта 4 мың литр су жұтады. Бір ерекшелігі, мамандардың пікірінше, аптап ыстық күндері су арналары жолды салқындатып отырады екен.

Алайда, жаңа технологияның кемшім тұстары да жоқ емес. Тас жолдың бұл түрі температурасы нөлден төмен жолдарға арналмаған. Төмен температура болған жағдайда бетон сынып, жолда сызат пайда болуы мүмкін. Бірақ, мамандар жақын арада бұл мәселені шешетін жолдарды табамыз деп сендірді.

Ақапарат ByCars.ru сайтынан алынған.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 2754
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232