Бізге ер азаматтардың да құқын қорғайтын заң керек
Бізге ер азаматтардың да құқын қорғайтын заң керек
Отбасылық кикілжің неден туындайды немесе ажырасу неге сонша көбейіп жатыр?
Маған екі кәсіпкер азамат көмек сұрап келді. Бірақ мен заңгер емеспін. Екеуінің де жағдайы отбасылық кикілжің. Екеуі де табысты, қалталы азаматтар. Екеуінің де басында болып жатқан жағдайлары әйелдерінің тарапынан көрген зұлымдық.
Жағдайдың мән жайын Ләзззат Ахатова екеуіміз зерттеп қарадық. Отбасының қирауына әйелдің тікелей кесірі тиіп тұр.
Бірінші азамат шетелден тауар алып келіп, Қазақстанда өзінің кәсібін жүргізеді. Біраз бұрын Астана қаласында «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінен 42 миллионға үш бөлемлі үй сатып алды. Астында бірнеше көлігі бар. Шетелден тауарлар алып келетін өзінің жеке екі фуралары бар. Өзінің жеке тауар айналымында пәленбай миллион қаражат айналымда жұмыс істеп жатыр. Сонымен бизнес барысымен сыртты жүретін бұл азамат әйеліне екі маркет ашып ашып береді. Астына қымбат көліп алып береді. Екі маркеттегі тауар айналымы 40 миллионнан асып тұрады. Сонымен бизнесіне әйелін серік қылып қояды. Арада көп уақыт та өтпей, (1 жылға да жетпейді) әйел 180 градусқа өзгеріп салады. Үнемі жұмыс пен кәсіптің айналасында жүрген азаматтың да аздап денсаулығы сыр бере бастайды. Отбасында дүниеге талас-тартыс басталады. Әйел әртүрлі қадамдарға барып, соңында ер азаматын үйінен шығарып, оған жинаған дүниесінің бір уысын ғана қалдырып, қаланың бір шетінен бір бөлмегі үйге қуып шығармақ болады. Ер азамат балаларым үшін мен мынау дүниенің бір де біреуін алмаймын. Тек сендерге қалдырамын деп үйінен шығады да, жұмысына кетіп қалып жүре береді. Сол аралықта әйелі балаларына өзінің әкесі туралы теріс үгіт насихатты бастайды. Онымен тоқтамай, өзінің туыстары мен ата-анасын осы кикілжіңге араластырады. Отбасымен келіп ер азаматтың мазасын алып, жан-жақтан жабылуды шығарады. Осы екі ортада ер азамат жүйкесі көтермей, денсаулығы да сыр бере бастайды.
Содан әлгі азаматпен кездестім. Мән жайдың барлығын басынан аяқ түсіндірді. Сөзінің соңында, мен ештеңе де алмаймын, өзім жеке басыммен кетемін деді.
Оның бұлай кетуін мен құптаған жоқпын. Денсаулығы нашарлап, ертең басы далада қалатынын түсіндім де, жедел қол ұшын беруге тырыстым.
Содан бұл ер азаматтың әйелі сотқа ажырасуға арыз беріп қойыпты. Өзіне адвокат жалдап, төбесінен мысқылдап, дүниенің бәрі менің қолымда, сені аттандырып саламын деп жиналып қойған. Әйелі күйеуіне заңның бәрі әйелдің сөзін сөйлейтінін білесің деп сөйлейді екен. Ер азамат әйеліне қол жұмсамаған. Жақында ғана үлкен қызын ұзатып, ер азаматтың туысқандарынан біреуін де шақырмаған. Тойдың үстінде қызы жылап, әкесінің сөзін сөйлеп, ақыр соңы төбелеске ұласып кеткен. Отбасы осылай қираған.
Бұл азаматтың қазір денсаулығы нашарлап кетті. Сондықтан көмек беруді өзіміз қолға алдық.
Ал, енді екінші азаматтың жайына келейік. Бұл азамат та кәсіпкер. Астана қаласында жеке үлкен коттеджі бар. Коттеджінің айналасына 11 пәтерді жалға беріп қойған. Бұл азаматтың да әйелінің жағдайы алдыңғы азаматтың әйелінің жағдайына ұқсайды. Өлтіріп бара жатқан қу дүние. Бұл азамат коттеджін де, оның айналасындағы барлық квартиранттар ұстайтын орындардың бәрін өзінің қара терімен салған. Үйінде өзінің цехтары жұмыс істеп тұр. Оның да табысы мықты. Пәтерлерден де айына миллондаған қаржы түсіп тұр. Содан әйел дүниеге таласты бастап, мүлікті бөліске салуды қолға алып, ажырасуға арыз береді. Үйді бизнесімен қоса сатуға шешім шығарып, 60 миллионға бағалайды. Әйелі үйді алатын бір адамдарды тауып келеді, ол адамдармен бір жылдың ішінде қаржысын төлеп тастауға келісіп, үйлеріне кіргізіп, өздері үйді тастап шығады. Әлгі адамдар таза алаяқтар болып шығады. Келісім шартты да дұрыс жасамай, өз бизнестерінен түскен қаражатты өздеріне құйып отырады. Содан ақшаны уақытында бермей, созбалақтап, ақыр соңы дау-дамайға ұласып, ол адамдарды үйінен қуып шығады.
Әлгі алаяқтар өз бизнесінің ақшасын өздеріне құйып отырған соң олар да адвокат жалдап, өздерінің бизнесін өздеріне құйған ақшасын талап етіп, сотқа беріп тастапты.
Бұл отбасы да ажырасып кетті. Бала шағасы бір жақта, өзі бір жақта қалды.
Міне, осындай табысты жігіттердің шаңырақтары ортасына түсіп жатыр.
Бұл дәл қазір өмірде болып жатқан жағдайлар.
Адамға ешқашан да қолына үйіп-төгіп ақша бермеу керек екен. Ол қадірін білмейді дайын ақшаның. Дайын ақшаны бере берсең, одан өткен шошқа болмайтыны рас екен. Байлары миллиондап ақша тапса, бір жерлерін неге тастай қысып отырмайды екен...
Дәл осындай жағдайлардан жүйкесі кеткен ер адамдар әйелдерін ұрып-соғып, тіпті өлтіріп те тастап жатыр. Сондықтан да заңды тек әйелдерге ғана қаратып қоймай, теңдікті ойлаған дұрыс. Мұның себебін тауып, әрекет етпесе, ажырасу тіпті көбейетін болады. Таңнан кешке дейін жұмыс басында жүріп, денсаулығынан айырылып, үйіне келіп қосымша әйелдерінен осындай зұлымдық көріп отырған ер адамдарды қорғайтын заң керек. Ер адамдарды қорғайтын бір де бір заң жоқ. Ұрса ұрды дейді, еркек кінәлі бола салады, соқса соқты дейді еркек кінәлі бола салады. Сотталатын да еркек соңында. Егер мұны түзейтін заң болмаса, онда талай әйелдің өлімі орын алады. Себебі, өзі жұмыс істеп, табыс тауып, отбасын асырап отырып, осындай жағдай отбасында орын алса, жүйкесі жұқарған ер адам бір күні әйеліне соңғы шешімін жасайды. Заңның бәрі біз жақта деп қатындардың құтырғаны соншалықты, білгенін істеп кетті. Өте әділ заң керек мынау жағдайға қатысты. Сондықтан дұрыстап, реализммен ойлану керек.
Ер адамдардың құқын қорғайтын заң актілерін дайындап, парламентке ұсыну керек. Себебі, заңның бәрі әйелдің жағында.
Сіз осы жағдайларға қатысты қандай пікір айтасыз?
Мен бұл азаматтарды белгілі заңгер Ләззат Ахатовамен кездестірдім. Ол кісі бұл істер жайында толық хабары бар.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 1533
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232