Бабалар осылай атаған (ежелгі жер, су, ел-жұрт аттары)
Бабалар осылай атаған (ежелгі жер, су, ел-жұрт аттары)

Мысыр - Египет,

Шам (Шағам) - Сирия,
Дамшық - Дамаск,
Бейжін - Пекин,
шын - Қытай елі,
шүршіт - қытайлықтар,
Машын - Үндістан,
Шын-Машын - Үнді-Қытай,
Бұланай тауы - Гималай,
Афрасияп - Самарқанд,
Қап (Қойқап) - Кавказ тауы,
Шаш (Шашкент) - Ташкент,
Үрім - Кіші Азия,
мағұріп - батыс жақ,
мәшүріп - шығыс жақ,
Бабыл - Вавилон,
Құддыс - Иерусалим,
Кінған - Палестина,
Сарандил - Цейлон,
Ямен - Йемен,
Итжеккен - Сібір,
Ібір-Сібір - Сібір елі,
Гүржістан - Грузия,
юнан - грек елі,
Төмен - Тюмень,
Омбы - Омск,
Аштархан (Хажы-Тархан) - Астрахань,
Сарытау - Саратов облысы,
Ірбіт - Иркутск,
Жаманқала - Орск,
Күлзім дариясы - Қызыл теңіз,
Оман дариясы - Үнді мұхиты,
Терең өзен - Днепр,
Азау - Азов теңізі,
Мажар - Венгрия,
мадияр - венгерлер,
Ғажам жұрты - Африкалықтар,
қызылбас - ирандық,
кәріс - корей халқы,
зәңгі - негр,
сарт - тәжік,
естек - башқұрт,
жөйіт, жебірей - еврей,
қарашекпен - орыс мұжығы,
кәпір - дінсіздер,
Тұран - Орта Азияның жалпы атауы,
Түркістан - Орта Азия және Қазақстанның ежелгі атауы,
Дешті Қыпшақ - ерте замандағы қазақ даласы,
Көктеңіз - Балқаш көлі,
Хазар теңізі - Каспий теңізі,
Аспантау - Тянь-Шань,
Фараб - Отырар,
Жиделі Байсын - қазақ ұғымындағы ел-жұрты жұтамайтын киелі, бай жер,
Қызылжар - Петропавл қаласы,
Жейхун - Амудария,
Сейхун - Сырдария,
кент - қала,
Тұзкент - Павлодар,
Теке - Орал,
Үлбі - Өскемен
---
Алып қосарларыңыз барма? 

Burahan Daqanov

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 жыл бұрын 6942
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232