Азаттықтың алмас қылышы - Махамбет Өтемісұлы (деректі фильм)
Азаттықтың алмас қылышы - Махамбет Өтемісұлы (деректі фильм)

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы батыры, көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан. 

Ақынның қабірі мәдениет ескерткіші болып табылады және 1846 жылымен даталанады, ең басында бұл жерде қабір үстіндегі шомбал құлпытасымен жабылып тұрған сегіз қырлы тас табыты болды, 1995 жылы бұл жерді толығымен қайта салып, ақынның қабірі үстінде ақ тастан салынған әдемі мазар тұрғызылған. Осы кезден бастап ақын қабірі тек киелі жер ғана болмай, сонымен қатар сәулет ескерткіші болып табылады.

Ең алғаш рет ұлы ақын Махамбет Өтемісіұлының жерленген жерін XX ғасырдың 50-ші жылдары Гурьев ақыны Берхаир Аманшин зерттеді. 1980 жылы Махамбет Өтемісұлының жерленген жерін Қазақ ССР Мәдениет Министрінің Орал экспедициясы зерттеді. 1995 жылы Махамбет Өтемісіұлының есімін мәңгі есте сақтау үшін оның қабірі үстінде мазар салу қажет деген шешім қабылданған. Негіз ретінде көне шығыс сәулет стилімен салынатын жоба алынған.

Сәулетті ғимарат шомбал күмбезбен аяқталатын және қондырма барельефтерімен безендірілген көпқырлы мұнара болып табылады. Құрылыстың өзі бетоннан жасалған, бірақ сыртқы және ішкі өрнегінде ақ ұлутас пайдалынған. Сыртқы шеңбердің диаметрі 7,6 м; ішкісінің 6,2 м. Құрылыс биіктігі – 6,4 м, күмбез биіктігі 1,8 м, күмбездің сыртқы диаметрі 5,2 м. Жалпы биіктігі 12,2 м. Кіреберістегі баспалдақ биіктігі 1 м, тығыздығы 0,5 м. Мазар кіреберісі алдында оюлы өрнекпен безендірілген классикалық арка қойылған. Жалпы айтқанда, бүкіл құрылыс айналадағы дала ұлы ақынның тірі дауысын ести алатын өтіп кеткен заманнан келгендей болып көрінеді.

Махамбет Өтемісұлы – әйгілі ақын ғана емес, білімді адам болып, бірнеше тілдерді білген, исламды терең түсініп, діндар адам болған, Бөкей ордада сол кездегі ең танымал тұлғалардың бірі болған. Махамбет 1803 жылы туды, медресені бітіргеннен кейін оқуын Орынборда жалғастырды. Осыдан кейін ол бес жылдан астам Бөкей орда ханы Жәңгірдің мұрагерінің тәрбиешісі болды. Молшылықта өмір сүріп, Махамбет айналасындағы үстем болған әділетсіздікке және патша өкіметі жағынан қазақтарды қанауына көне алмаған. 1829 жылы Махамбет Өтемісұлы қазақ даласында аңдаусыз пайда болған көтеріліске белсене қатысқан, көтерілісті басып алғаннан кейін ақын Қалмық бекінісіне қамауға алынып, сол жерде екі жыл өткізді.

1831 жылы Махамбет қашып кетіп, Исатай Тайманұлы басқарған ірі көтерілістің рухтандырушысы болып атанады. 1836-1837 жылдары Исатаймен бірге көтеріліске шыққандардың, патша өкіметі мен Жәңгір жағынан болған қанауға қарсы күреске шығғандардың жасақтарын басқарды. Ақбқлақ өзені бойындағы ұрыста көтерілісшілер жеңіліп, Исатай Тайманұлы қаза табады, ал Махамбет Өтемісұлы аман қалып, оңтүске қашып, сонда бірнеше жыл жасырынып жүрді.

1846 жылы 20 қазанда қазақтың ақыны Махамбет Өтемісұлы жаулары жіберген жалдамалы қанішерлердің қолынан опасыздықпен қаза табады. Ақынның шығармашылығында маңызды орынды әрдайым 1836-1837 жылдар арасындағы көтеріліс алған, оның өлеңдерінде бүкіл күрес шиеленісуі, әділетсіздікке көнбеу, батырлық және қарапайым халыққа деген сүйіспеншілік сезінеді, ол өз өлең жолдарында қазақ даласының қарапайым адамдардың армандары мен мұқтаждықтарын білдірді.

Ақын, батыр, азатшыл және жанып тұрған жауынгер Махамбет Өтемісұлы қазақ халқының тарихында әрқашан ерекше орын алады.

culturemap.kz

bag.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 жыл бұрын 6631
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232