Әуекомпаниясы ұшақта өмірге келген балаға өмір бойына “тегін билет” сыйлады (видео)
Әуекомпаниясы ұшақта өмірге келген балаға өмір бойына “тегін билет” сыйлады (видео)

Үндістанның Jet Airways әуекомпаниясы рейс кезінде өмірге келген нәрестеге өмір бойына “тегін билет” сыйлады.

Бұл туралы stan.kz порталы Daily Mail сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның анасы Сауд Арабиясынан Үндістанға ұшу кезінде, тура ұшақ бортында босанған.

Джоси Сисимол есімді әйел ұшақ бортына жүктіліктің 30-шы аптасында отырыпты. Ұшу кезінде оның толғағы басталып кетеді. Ұшақта төтенше жағдай жарияланып, ол Мумбаиға кері бағыт алады. Бірақ, экипаж тура уақытында ұшып бара алмайтындарын сезеді.

Баланы босандырып алу сәтті өтті. Анасы мен баласы ұшақ жерге қонысымен бірден ауруханаға жеткізілген.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 2910
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232