Аттың бас сүйегінен жасалған домбыра (видео)
Аттың бас сүйегінен жасалған домбыра (видео)

Жылқының басынан жасалған домбыра туралы телебағдарламадан үзінді ғаламторға былтыр салынған екен. Бірақ әлеуметтік желінің қолданушылары оны әлі күнге дейін бөлісіп жатыр. Сөз саптауларына қарағанда, бұл Қытайдағы қазақ телевизиясының бағдарламасына ұқсайды. Онда жүргізуші ауыл ақсақалы түрлі материалдардан жасалған домбыралар мен басқа да музыкалық аспаптарды таныстырады. Олардың ішінде, әрине, домбыра ерекше. Бағдарламада шанағының асты жылқының басынан жасалған домбыраға айрықша тоқталып өтеді. «Жасым алпысқа келсе де, осыны ұрпақтың кәдесіне жарасын деп жасадым. Мұндай домбыраның қазақта бұрындары болғанын естідім. Ата-бабаларымыз соғым сойса, малдың басын ағашқа, жарға, тасқа іліп қоятын. Ал кейін одан түрлі бұйымдар жасаған», - дейді ақсақал. Сондай-ақ, ол қолындағы аспаптың әрі домбыра, әрі қылқобыз екенін айтады. Ішегі жуан болса қобызға, ал жіңішке болса домбыраға айналады екен. Қария жұртқа жылқының жауырынын қолданып жасаған домбыраны да таныстырған.

baq.kz

 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 3646
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232