1. Осы уақытқа дейін "Діни мазмұндағы ақпараттық материалдың" анықтамасының мағынасы кең болды. Кез-келген діни мәтін "діни мазмұндағы ақпараттық материалдар" санатына жатқызылды.
Жаңа заң бойынша "Діни мазмұндағы ақпараттық материал - кез-келген материалдық жеткізгіштегі (яғни, диск, флэшка т.б.) діни сипаттағы баспалық (кітап, газет, журнал т.б.) және электрондық ақпараттар болып нақтыланды.
2. Бұрын діни бірлестікті тіркеу үшін екі өңірден 250 адамнан 500 адам қажет болса, жаңа заң бойынша бір өңірден 500 адам тіркелсе жеткілікті.
3. Жаңа заң бойынша "дінтанулық сараптаманы" тек теолог, дінтанушылар ғана емес, енді психолог, құқықтанушы, саясаттанушы, мәдениеттанушы секілді мамандар да жүргізе алады. Бұл діни мазмұндағы әдебиетке тек діни тұрғыдан емес жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік береді.