АЭС туралы
АЭС туралы
Ресейде ядролық физика мен атом энергетикасының мықты маманы саналатын Игорь Острецов деген біреу бар. Сол бірде «Мы можем дистанционно взорвать АЭС вражеской стороны..» деп мақтанған. Біз өмір бақи Ресеймен одақтас әрі дос болып отыра бермейтініміз анық. Болашақта бізден де бір мықты президент шығып, Ресеймен арадағы келісімнің көбін қайта қарауы мүмкін. Ресей сол кезде «одақтасынан» айырылып қалғысы келмей, неше түрлі шантажға барады. АЭС-ті егер соларға салызсақ, онда тіпті жіпсіз байланғалы тұрмыз. Олар бізді сол арқылы байлап-матап ұстайды. Басқа сала былай тұрсын, енді энергетикада да тәуелді болып қаламыз. Қайта-қайта тықпалай бергеніне қарағанда, соны бізге қайтсе де өткізіп жібергелі жатқан сияқты. Президентіміз өткенде басқаша айтып еді, енді басқаша депті ғой. Неге сол Ресейге тіреліп қалды? Халық тіпті АЭС салуға да аса қарсы емес, оны орыстар салғанына қарсы болып отыр емес пе? Неге оны Америка, Жапония сияқты дамыған, сенімді елдер салмайды? Айтпақшы, Билл Гейтс 4 млрд долларға 345 МВттық АЭС салғалы жатыр екен. Оны шахтерлар қаласы атанған Кеммерер қаласында салып, 2028 жылы пайдалануға бермекші болып отыр. АЭС-ті осынша ақшаға салуға болады екен деп беріп отырмын мұны. Бірақ біздікілер қанша ақша кеткенін де айта қоймас. Кім не десе де, бізді көре алмайтын көршілерге АЭС салдыруға мүлдем болмайды!
Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 жыл бұрын 1711
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232