Адам ағзаларының өлім періштесіне берген жауабы
Адам ағзаларының өлім періштесіне берген жауабы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кімнің өмірі қиын болса, Маған(с.ғ.с.) салауат айтсын шындығында салауат адамның ырзығын арттырып, қиындығымен қайғысын кетіреді».

Егерде Алла Тағала бір пендесінің жанын алуын қаласа, пенденің ауызына өлім періштесі келіп жанын алмақшы болғанда, пенденің аузынан зікір шығып, өлім періштесіне саған бұл жерден жол жоқ себебі бұл адам тіршілікте Алла Тағаланы мадақ етті дейді. Осыны естіген өлім періштесі Алла Тағалаға барып болған жағдайды айтады, сонда Алла Тағала онда оның жанын басқа жағынан ал деп әмір етеді.

Содан өлім періштесі пенденің қол жағынан жанын алмақшы болғанда, пенденің қолынан садақа шығып, бұл жақтан саған жол жоқ себебі бұл пенде тіршілікте осы қолымен садақа қылды, жетімдердің басынан сипады және осы қолымен білім жазды дейді. Содан өлім періштесі аяқ жағына барады, аяғы оған мен жақтан саған жол жоқ себебі бұл адам осы аяғымен аурудың көңілін сұрап барып білім алатын еді деп жауап береді, кейін өлім періштесі пенденің құлақ жағына барады, сонда құлақ тұрып саған бұл жақтан жол жоқ себебі бұл пенде осы құлағымен құран және зікір тыңдайтын еді, сонда өлім періштесі көзіне келеді, сонда көз саған бұл жақтан жол жоқ себебі бұл пенде осы көзімен Құран оқып, осы жүзімен ғұламалардың жүзіне қарайтын еді. Сонда амалы таусылған өлім періштесі Раббымызға қайтқанда, Алла Тағала оған Менің есімімді алақаныңа жазып алып құлымның рухына көрсет деп бұйырады. Өлім періштесі Алланың атын алақаныңа жазып адамның рухына көрсеткенде рух бой ұсынып еш қиналмай адамның бойынан шығады.

Бес нәрсе дерт болса, оған бес нәрсе дауа болады:

1. Дүние дерт болса, оның дауасы сол дүниені тәрк ету. Дүниені тәрк ету деген сөздің мағынасы-жүрегін дүниеден бос қою, яғни жүрегін Алланың нұрымен толтыру деген ұғымды білдіреді.

2. Байлық дерт болса, зекет оның дауасы.

3. Сөз дерт болса, оның дауасы Алланы зікір ету.

4. Өмір дерт болса, оның дауасы Аллаға бой ұсыну.

5. Бір жыл ауыр болса, оның шипасы Рамазан айы.

Тағы бір хабарда: Өлім періштесі бір адамның жанын алу үстінде болғанда, яғни жаны тізе тұсына келгенде, Алла Тағала өлім періштесіне жан алуыңды тоқтат деп әмір етіп, құлым біраз демалсын дейді. Кейін жаны кіндік тұсына келгенде Алла Тағала тағыда өлім періштесіне демалдыруын әмір етеді, осыдан кейін жаны тамағына келген кезде, өлім періштесіне жан алуыңды тоқтат енді ағазалар бір-бірімен қоштассын дейді, сол сәтте көзбенен-көз, құлақпенен-құлақ, қолмен-қол, аяқпенен-аяқ, тәнменен-рух бір-бірімен «Ассалаумағалейкум» қиямет күнніне дейін деп, қош айтысады. Осы кезде иманмен-тілдің және біліммен жүректің қош айтысуынан Алла сақтасын. Себебі бұл дүниеде иманмен-тіл, біліммен-жүрек қош айтысса, адам имансыз кетіп қалады. Алла сақтасын! Адамның бұл дүниеден имансыз кетуі көбінесе осы ақырғы сәтте болады деп Абу Ханифа(р.а.) кітаптарында келтірген.

Адамның ақырғы сәті келгенде қатты шөл қысқанда шайтан малғұн адамның бас жағына келіп, қолында суы бар ыдысты көрсетіп мына дінді таста Құдайды екеуде деп бұйырады. Осы сәтте алданып қалмас үшін біз күнімізді және түнімізді намаз зікірмен өткізуіміз керек. Абу Ханифадан (р.а.) адамдар сұраған екен «қандай күнә адамдың бұл дүниеден имансыз кетуіне себеп болады?- деп. Сонда ұлық имам 3 түрлі күнә деген екен. 1- иманына шүкір етпеу; 2-дүниеден имансыз кетем деген қорқынышы болмаса; 3-адамдарға зұлымдық қылу».

Бас жағынан келген шайтанға жауап бермесе, ол малғұн адамның аяқ жағынан келіп тағыда Пайғамбарлар (с.ғ.с.) өтірік айтты деп айт дейді. Кімде-кімді Алла Тағала бақытсыз қылып жаратқан болса шайтанның сонынан еріп бұл дүниеден имансыз кетеді.

Абу Зәкәрияның (р.а.) ажалы таянған кезде қатты қиналғаннан есінен танып жатқанда жақын досы оған кәлиманы есіне салып талқысын оқып отырады. Осындай қатты қиналған кезінде досы кәлиманы айт десе басын досынан бұрып алады. Екінші рет тағыда кәлиманы айт десе тағыда басын досынан бұрып әкетеді. Үшінші мәрте тағыда айт дегенде айтпаймын деп айқай салады Абу Закария (р.а.). Біраз уақыт өткеннен кейін есін жиған Абу Закария (р.а.) жанындағылардан сендер маған бір нәрсе айттындарма деп сұрайды. Сонда досы ия, сізге кәлиманы айт деп едік, екі мәрте басынызды бұрып әкетіп үшіншісінде айтпаймын деп айқай салдыныз дейді. Мен қатты қиналып жатқанымда жаныма малғұн келіп саған су керекпе деді, мен жоқ керек емес деп басымды бұрып әкеттім. Тағыда маған Иса(ғ.с.) Алланың ұлы деп айт деді, мен тағыда басымды бұрып әкеттім. Үшінші мәрте келіп маған Құдай жоқ деп айт дегенде, мен жоқ айтпаймын деп айқай салдым, сол кезде шайтан қолындағы ыдысты жерге ұрып сындырып кетіп қалды дейді.

Мансұр ибн Аммар риуаят етеді қайсы бір адамның ажалы таянғанда, халы 5-ке бөлінеді деп. 1-жиған байлығы бала шағасына; 2-жаны өлім періштесіне; 3-денесі құрттарға; 4-сүйегі жерге; 5-жақсылық сауаптары қарыз болған адамдарына. Осынын бәрі бола берсін дейді ғұламалар тек иманыңызды шайтан алып кетпесін дейді. Иманыңызды шайтан алып кетсе онда сіз Раббыңыздан айрылғаныңыз. Адам Раббысынан айрылса өмірі бекерге кеткені деп біліңіз.

Арабшадан аударғандар Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұл

ihsan.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 жыл бұрын 4402
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232