ӘбуХурайра (р.а.) ізімен (ВИДЕО)
ӘбуХурайра (р.а.) ізімен (ВИДЕО)

Мұсылман әлеміне ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен оның өнегеле толы хадистерін жеткізуші сахаба Әбу Хурайраның мысықтарға ерекше ықылас-мейіріммен қарағаны белгілі. Бұл сахабаның шын есімі Абд ар-Рахман бин Сахр еді. Мысықтарға ерекше қарауына байланысты ол Әбу Хурайра (Мысықтың көкесі) лақап атымен аталып кетті. Ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.) да мысықтарды жақсы көріп, оған қамқорлық көрсетуді кеңес еткен.   Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабасының осы ізгі жолын бүгінде 45 жылдан бері әл-Ақса мешіті ауласында Гассан Макдис Байтул есімді кісі жалғап келеді. Гассан Макдис күн сайын мешіт маңайлайтын көше мысықтарын тамақтандырады. Ол осылайша мысықтарға 1971 жылдан бері қамқор болып келеді. Жануар да жақсы көргенді сезетін болса керек, Гассан қарияның жанынан шықпайды. Көріністі бірге тамашалаңыздар.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 3077
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232