Аблютофобия немесе судан қорқуды қалай жеңуге болады?
Аблютофобия немесе судан қорқуды қалай жеңуге болады?

Фобия дегеніміз адамның басқаруынан тыс болатын қорқыныш сезімі. Адамдардың қараңғыдан, өлімнен қорқуы қалыпты жағдай. Ал судан, шомылудан қорқудың себебі неде?

Суға деген қорқынышты ғылымда аблютофобия деп атайды. Аблютофобиядан зардап шегетін адам жуынудан, кір жуудан, шомылудан – су бар жерлердің барлығынан қорқады. Тіпті, жуыну бөлмесіне кіруге қорқатындар да кездеседі. Фобияның бұл түрі ер адамдардан қарағанда әйел адамдарда және балаларда жиі кездеседі. Судан қорқу белгілі бір оқиғаға байланысты туындайды.

Жаңа туған сәбиді суға шомылдыру кезінде аса сақ болған дұрыс. Аблютофобиясы жоқ балаларды суға дұрыс шомылдырмаудың кесірінен судан қорқытып алуыңыз мүмкін.

Сәбиді шомылдыру©woman.ru

Аблютофобияның алдын алу, емдеу шараларын жүргізудің аса маңызды екені айтпаса да түсінікті. Себебі, адам сусыз өмір сүре алмайды. Күнделікті тұрмыста жеке бас гигиенасын сақтау, бөлме тазалығы мен кір жуу, тамақ дайындау, шомылу – барлығы сумен байланысты. Тіпті, жаңбырлы ауа райы да судан қорқатындарға ыңғайсыздық туғызады.

Аблютофобиядан қалай арылуға болады?

Ең алдымен психологтың көмегіне жүгініңіз. Психолог мамандар фобияның неден пайда болғанын анықтаған соң, тиісті шаралар қолданады. Қорқыныш әр түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады: бала кезде суға тұншығып қалудан, қайық апаты болған жағдайда немесе жағажайдағы ұрыс-керіс сияқты қарапайым оқиғалар да аблютофобияның туындауына себеп болуы мүмкін.

Психологтар аблютофобияны алғашқы емдеу шараларын психологиялық сендіру, өткен өмірді талқылаудан бастайды. Суға хош иісті, жағымды заттар қосу арқылы зардап шегуші адамның бойына су туралы жақсы пікір қалыптастырады. Егер емделуші қорқынышын жеңе алмаса, оны гипноз жасау арқылы немесе тыныштандыратын дәрі-дәрмекпен емдейді.

Аблютофобияны қазіргі таңда когнитивті-бихевиористік терапия арқылы да емдей бастады. Бұл терапияның ерекшелігі – адамның бұлшық еттерін тыныштандырып, қорқыныш сезімін басуға негізделген.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 жыл бұрын 3810
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232