65 жастан асқан азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін мамандарды үйге шақырта алады
65 жастан асқан азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін мамандарды үйге шақырта алады

Егер бұрын халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын үйлеріне ерекше қажеттіліктері бар, 1-2 топтағы мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана шақырта алса, енді 65 жастан асқан азаматтар да мемлекеттік қызметтерді үйден ала алады. Бұл Қазақстанда бірқатар шектеу шараларының енгізілуімен байланысты. Атап айтқанда, 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған болатын, Мемлекеттік корпорация қызметкерін үйге шақырту үшін азамат немесе оның қамқоршысы 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қызметке сұраныс қалдыруы керек. Бұдан кейін Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары өтініш қалдырушымен байланысып, құжаттардың толықтығын нақтылайды және үйге барып мемлекеттік қызмет көрсетудің күні мен уақытын белгілейді. Айта кететіні, қызметкерлер өтінішті қабылдағаннан кейін қызмет алушыға 7 жұмыс күнінен кешікпей баруы керек.

Дереккөзі: aikyn.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 жыл бұрын 2111
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232