2020 жылы Қытай билігі құлайды...
2020 жылы Қытай билігі құлайды...

Қазіргі кезде Қытайды билеп тұрған Қытай Коммунистик Партиясы 70 жылдық тарихында бұрын-соңды болмаған дәрежеде күшейді, әрі осы бағытпен дамып, АҚШ-ты басып озып, дүниеге қожа болу ниеті асқына бастады. Күшейе бастаған Қытай мемлекеті өзге елдерге ықпалын кеңейтіп,  ал мемлекет ішінде кішкене ұлттарды басып-жаншу саясатын ашық жүргізе  бастады.

Кедей кезінде тым кішпейіл кейіпте болған ел күшейген соң өзінің кім екенін ұмытып кетті. Қазақтың "семіздікті қой көтереді" деген тәмсілі осындайда айтылса керек. Соңғы жиырма жылдықта Қытай билігі зор жетістікке жету үшін АҚШ пен Батыс мемлекеттеріне жан-жақтан тереңдеп сіңіп кірді. Мәліметтерге қарасақ АҚШ-та Қытайдың 30 мыңдай ерекше тыңшылары (саясаткер, ғалым, профоссер, инженер т.б.-ларды қамтйды), 200 мыңнан артық жәй-жартылай тыңшылары, құлақтары бар екен. Олардың басты міндеті ақпарат жинау, ең озық немесе құпия технологияларды ұрлау, АҚШ-тың саясаткерлерін паралап сатып алу арқылы өзінің сөзін сөйлету, ақпараттық жаулау жүргізу, т.б.лар болған.

Қытайдың зор дамуға қол жеткізуінің бір үлкен тірегі осы ұрлық еді, себебі Қытай билігі АҚШ-тың технологияларын әр түрлі жолдармен ұрлап жылына миллиардтаған доллар арам табысқа қол жеткізіп келген. Қытай билігі бұдан тыс дүниедегі ең ірі, ең ықпалды барлық ақпараттық медиаларды (WSJ, BBC, CNN, NYT, Fox және Bloomberg т.б.) паралап сатып алу арқылы, олардың Қытай билігінің қылмысы және Қытайда болған шын ақпараттардың дүниеге таратуына шектеу қойған.

Мәселен Қытай билігінің Шыңжаңдағы Ұйғыр, Қазақ және Қырғыздарға істеген зұлымдықтары екі жылдан соң әзер батыс әлеміне біліне бастауы осының бір мысалы еді. Қысқасы батыстың ірі медиаларына "ауыз жаба тұру" ақысын төлеген. Қытай билігіне қарсы адамдардың шетелге қашып кетуін тосу үшін халқаралық Интерполдың президенттік орнын сатып алған. Қытай билігіндегі аса ықпалды бір топ "жемқорларды жою, қара күштерді тазалау" деген естір құлаққа жағымды естілетін науқандарды бастап, Қытайдағы жеке фирмалармен байлардың байлығын тартып алды. Қазір кез келген уақытта кез келген адамға кез келген айыпты жанқалтасынан шығарып таға салу Қытай билігінің үйреншікті әдетіне айналды. Қытай билігінің мұндай әділетсіз, теңсіз әрі жымсымалыққа толы әркеттерін тізе берсе том-том кітаптақа жүк болар.

Қытайдың түпкі мақсаты дүниенің қожасы болу, ал қожа болу үшін олар алдымен АҚШ-ты басып тұқырту керек. Алайда АҚШ пен Батыс елдері болса бір жылдан бері Қытайдың өздеріне әлдеқашан бастап кеткен осы аса қатерлі шабуылын һәм қара ниетін байқай бастады әрі Қытайға қарата дереу іске кіріспесе кеш болатынын анық сезді. Қытай Коммунистик Партиясы аман тұрғанда олар өздеріне ерте ме кеш пе, бір сұмдық залалдың келетініне көздері әбден жетті. Осы себепті АҚШ билігі Қытайға қарата сауда соғысын бастап кетті, ал АҚШ-тың талабына көнгісі келмеген Қытай билігі сауда соғысын одан арман ұшықтырып, АҚШ пен Қытайдың өзара жан-жақтылы қарсыласуына апарып соқтырды.

Жарты жылдан бергі АҚШ пен батыстың қысыммен құрсаулауының нәтижесінде Қытайдың АҚШ пен Батыстағы бұрынғы еркін әрекеттері едәуір тосқындыққа ұшырап, тынысы тарыла бастады. Ал Батыстың Қытайға жүргізген сауда соғысымен қаржылық шектеулері Қытайдың ішкі өлкелерінде миллиондаған фирмалар мен фабрикалардың күйреп, қаңырап бос қалуына әкеп соқтыруда, сонымен бірге елу миллион Қытайдың жұмыссыз қалуына себеп болды. Осындай келеңсіздіктерді Қытай билігі жасыра алмаған сияқты, себебі Қытай билігінің өз ақпараттары қытайлықтарды "шөп жеп, күн өткізетін" немесе "бір нанды он адам бөліп жейтін" қиын күндерге идиялық жақтан дайындықта болуын жұмсақтап-астарлап ескерте бастады, тіпті Қытай билігі Солтүстік Кореяның жолымен жүретінін де жасырмауда. Бұл ескертулерден Қытай билігінің ішін аса бір сұмдық өрттің күйдіріп бара жатқанын білеміз. Тағы бір ескерерлігі Қытайдағы милиондаған шетелдің фирмаларының Қытайдан кетіп жатқанына да біраз уақыт болды. Кейбіреуі АҚШ пен Батысқа көшіп жатса, көбісі Индия, Вьетнам, Индонезия және Тайланд секілді шығыс-оңтүстік Азия елдеріне көшіп кетуде. Көшу себебі Қытай билігінің орынсыз талаптары мен сауда ұрлығының әсерінен болған.

Бұнда ең маңызды бір іс - шетелдегі қытай байы Майлс Куоктың (Miles Kwok - Guo wengui - 郭文贵 - Гуо уынгүй) ісі болмақ. Қытай билігі үшін Майлс Куок ісі барлық істен де маңызды. Қытай билігі оны әртүрлі жолдармен АҚШ-тан Қытайға алып әкетуге бар күшін салды, тіпті жасырын қастандықпен өлтірмекке де талпынды, алайда Қытайдың бұл әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. АҚШ билігі оны қайтарудың орнына FBI-дың арнайы тобымен Қытай билігінің жасырын қастық жасауынан қорғауда. Майлс Куок болса АҚШ билігіне Қытай билігінің ең жоғарғы басшыларының жемқорлық деректерімен неше мыңдаған аса құпия құжат-жобаларын тапсырған әрі оның ішінде Қытайдың АҚШ билігін қалай меңгеріп алу, өзіне қарату құжаттары да болған.

Қазір Қытай билігіндегі Ши-Уаң тобы, Жияң тобы және Ху тобы арасындағы өзара қайшылықтармен тартыстар жүруде, тіпті президент Ши Жин Пиң де өз жеке басына қауіпсіздік сенімі жоқ. Қазір Қытай билігі ішінде кез келген ойламаған оқыс істің туылуы әбден мүмкін жағдайда тұр. Қытай билігінің кейбір ақпараттары 2019 жылдан бастап Қытайдағы бүкіл тәртіп сақшыларына шексіз билік беретінін, оларға сот ұкімі жүрмейтінін жариялады. Әрі аса көп сандағы тәртіп сақшыларын жұмысқа қабылдауда, бұның барлығы алда келе жатқан әрқандай ірі халықтық көтерілістердің алдын алу үшін жасалып жатқан дайындық болуы мүмкін. Сонымен бірге бұл Қытайдың фащистік сипатқа көше бастағанының анық белгісі.

АҚШ-тың әртүрлі қысымдары Қытайдың арманын түске, "бір жол бір белдеуін" өлген жолға, ал Қытай нарығын күлге айналдыруда. Оның үстіне Қытай билігінің жай Қытай халқына қарата, жергілікті ұлттарға және дінге сенетін жұртшылыққа  жүргізген езгісі күн сайын үдеп келеді. Осылайша Қытай билігі өз қолымен бір күні жарылатын аса ірі саяси бомбаны өздері даярлауда. Шетелдегі Қытай байы Майлс Куок басшылығындағы Қытайға қарсы шыққан аса серпінді жаңа күштердің қарқынды әрекеттері Қытай билігін одан арман састыра түсуде. Осы барған сайын шиеленіскен ішкі-сыртқы қысымдар экономикасын құлдыратып жіберді. Қытай билігі бұған ұзақ уақыт төтеп бере алмайды, көп болса бір-екі жыл ғана шыдастық бере алады. Бұның соңы қазіргі Қытай Коммунистік Партия билігін тақтан тайдырып жаңа Қытай билігін пайда етуі әбден мүмкін. Сондықтан 2019-2020 жылдар Қытай билігі өзгеретін айтулы кезең болмақ.

2020 жылы Қытай билігі аударылып, оның орнына бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болуы да ғажап емес.

Ерғали Есілов

Abai.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
5 жыл бұрын 3096
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232