2017 жылы Қазақстанда мотоциклдер қалай сатылды?
2017 жылы Қазақстанда мотоциклдер қалай сатылды?

Қазақстан автокөлік нарығының көрсеткіштері аясында мототехниканың сатылым нәтижелері шамамен 30 есе төмен. АКАБ мәліметтері бойынша, 2017 жылы Қазақстанда бастапқы есепшот бойынша 1501 мотоцикл жеткізілді.

Бұл 2016 жылға қарағанда 41 есеге артық. Жалпы алғанда, мотоциклдерді тіркеу саны 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6 пайызға артты (3 989-ға қарсы 4 411 бірлік).

Қазақстандағы мототехника нарығының айырықша ерекшелігі көктемгі-жазғы айларда анық байқалатын маусымдық қызмет болып саналады. Жаңа және қоданылған мотоциклдерді, квадроцикл мен трициклдерді сатып алу деңгейі қыс пен күз айларына қарағанда, жаз бен көктемде көптеп сатып алынады. Мотоцикл ең көп мотомерзім кезінде, яғни сәуір айының аяғы мен мамыр айында сатылады.

Қазақстандағы бастапқы сатылымдардың көшбасшысы – ресей-қытай өнімі болып саналатын Racer бренді. Барлық сатылымдардың жартысы RC250 байкына тиесілі. Ал, осы үлгідегі мотоциклдің барлығы 204 бірлігі тіркелген. Сонымен қатар, мотоциклді ұнататындардың Honda CBR600 үлгісіне де сұранысы көп – 97 дана. Осымен алғашқы үштікке ресейлік Ural мотоциклі да енеді – 96 мотоцикл.

Екінші нарықта жапон технологиясы көшбасшы. 2017 жылы Ішкі істер министрлігі тарапынан 800 Honda мотоциклі тіркелді. 738 Yamaha, 436 Suzuki мотоциклдері, 420 Racer, 291 Kawasaki. Тіркелген жалпы мотоциклдердің 60 пайызы 10 жылдан асқан (2296 бірлік), шығарылған күннен бастап 3 жылдан 10 жылға дейін болған мотоциклдер – 1017 бірлікке дейін, 3 жылға дейінгілер – 1091 мотоциклмен жабдықталған.

7kun.kz

Фото: motor.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
6 жыл бұрын 2499
0 пікір
Блог туралы
0
2274723 208 535 4879 232