Като Ломб өзінің xимия саласындағы біліміне қарамастан (!) әлемдегі синxронды аудармашылардың бірі болып, 8 тілді судырата аударып, жалпы есеппен 16 тілді түсініп, олармен еркін жұмыс істей алған. Оның заманында не аудиодисктер, не скайп, не арнайы мектептер болмаған.
"ҚАЛАЙ?" деген сұрақ бұл жағдайда еріксіз туады.
Ол өзінің "Мен тілдерді қалай үйренемін" атты бестселлер болған кітабында тілді тез меңгеруге қатысты 10 кеңес қалыптастырған болатын.
1. Тіл үйренуді күнделікті жүзеге асыру керек! Бұл спортзалда шыныққамен бірдей: керемет мықты бұлшық етті қаласаңыз оларды систематикалық түрде жаттықтыру керек.
Сол сияқты жаңа сөздер мен сөз орамдарын жаттап, қайталауға күніңіздің 10-15 минутын арнаңыз.
2. Егер тілді үйренуге деген қызығушылығыңыз тым тез жоғалып кететін болса, өзіңіздің жеке оқу алгоритміңізді ойлап табыңыз. Мысалы: Біраз уақыт тілді меңгеру сабақтары, сосын, аздап музыка тыңдау, сергіп қайтуға сәл ғана үзіліс жасау.
3. Контекст - біздің барымыз! Ешқашан сөздерді жекелей жаттамаңыз, контекстте яғни мағыналас сөзбен жаттаңыз. Мысалы, "strong wind" сөз орамын жаттасаңыз бір сөз автоматты түрде екінші сөзді жадыңызға түсіреді.
4.Әсіресе дәптеріңіздің шетіне дайын фразаларды жазып оларды диалогтарда максималды түрде қолдануға тырысыңыз.
5. Ойша көзіңізге көрінген БАРЛЫҚ нәрселерді аударып жүріңіз-жарнамалар,өлеңнен үзінділер, диалогтар, баннерлер, газеттегі мақалалар. Өте кереметәрі тиімді әдістердің бірі.
6. Сөздерді жатқа айту, жаттау - өте пайдалы әдіс. Бірақ, жүз пайыз дұрыс екендігіне көзіңіз жеткен және мұғалімнің жөндеп берген нәрселерін ғана жаттаңыз!
7. Дайын болған және қолданысқа жарамды фразалар мен сөз тіркестерін, идиомаларды көбіне бірінші жақта жазып, жаттауға тырысыңыз.
Мысалы: «I am only pulling your leg» (Мен тек қана сені еркелетемін).
8. Кез келген шет тілін селсоқ үйренуге болмайды, мысалы; - мен тек қана тып-тыныш мұғалімді тыңдап, кейде жаттығулар орындаймын деген сияқты.
Фильмдер көріңіз, әдебиет оқыңыз, газеттер мен журналдардың сол тілдегі түпнұсқаларын оқыңыз, шет елдегі достарыңызбен ағылшынша тілдесіңіз!
9. Көптеген қателерден емес, уақытында жөнделмеген қателерден қорқыңыз! Ешқашан ештеңені тексеріссіз қалдырмаңыз.
10. Ештеңеге қарамастан сіз тілді меңгеретініңізге әрдайым сенімді болыңыз!!
Және мақаланың соңында, 87 жасар Като Ломб өзінің 54 жасар ескі досын кездетіргенде өміріндегі шешуші сөздерді айтқан болатын "Стив сен не деген жас едің! Әлі көптеген тілдерді үйренуге уақытың жетіп артылады!"