ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДА ОРЫС ТІЛІ ҮСТЕМДІККЕ ИЕ. ТІЛ ТУРАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАР НЕГЕ ОРЫНДАЛМАЙДЫ?
ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДА ОРЫС ТІЛІ ҮСТЕМДІККЕ ИЕ. ТІЛ ТУРАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАР НЕГЕ ОРЫНДАЛМАЙДЫ?

Ресейдің Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты орыс тілінің қолданысы мен ықпалы туралы көлемді зерттеу жасап жариялады. Зерттеу совет өкіметінен бөлініп, тәуелсіздігін жариялаған елдердегі орыс тілінің мәртебесі, қолданысы, ықпалы жайлы бөлім бар. Осы бөлімде келтірілген деректер орыс тілінің Қазақстанда үстемдік құрып тұрғанын әрі Қазақстан секілді совет өкіметінің құрамынан шыққан елдер ішінде алдыңғы орында екенін көрсетеді.

Сонымен зерттеудің деректеріне келсек. Зерттеудің екінші бөлімі: “Постсовет елдері кеңістігіндегі орыс тілінің тұрақтылығы индексі” деп аталады. Бұл индекс үш негізгі параметр бойынша жасалған. Олар: мемлекеттік қоғамдық саладағы орыс тілі; білім саласындағы орыс тілі; ғылыми коммуникация саласындағы орыс тілі. 

Қазақстан мемлекеттік қоғамдық саладағы орыс тілінің қолданылуы жағынан 16 елдің ішінде Белоруссиядан кейінгі екінші орында тұр. Бұл параметрге орыс тілінің конституциядағы мәртебесі, орыс тілді сайттардың және жоғарғы мемлекеттік органдарды сайттарының орыс тіліндегі нұсқаларының болуы, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша порталдардың орыс тілі нұсқасының болуы зерттеуде назарға алынған. Бұл үш негіз бойынша да Қазақстан Белоруссиядан кейінгі орында иеленіп тұр. Өкінішті-ақ!

Ал білім саласы бойынша орыс тілінің қолданылуы жағынан Қазақстан бесінші орында. Сондай-ақ ғылыми коммуникация саласындағы орыс тілінің үстемдігі жағынан да бесінші орында.

Зерттеудің қортындысы бойынша орыс тілінің іс жүзіндегі қолданылу үстемдігі жағынан Қазақстан үшінші орынға шыққан. Зерттеу біздің елді үздік үштікке енген деп көрсетеді.

Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі болғанымен әлі күнге мемлекеттік тіл мәселесі шешімі табылмаған, күрделі саяси мәселе болып қалып отыр. Билік тарапынан мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты әртүрлі бастамалар көтеріліп, ұранды сөздер айтылғанымен оның бәрі уәде күйінде қалып отыр.  Мәселен, 2010 жылы Кәрім Мәсімов “Әрбір азамат енді 10 жылдан кейін қазақ тілінде еркін сөйлеуге міндетті!” деген еді. Сол жылы сол кездегі мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырған еді. Бұл бағдарлама 2019 жылдың соңында мәресіне жетті делініп мәлімдеме жасалған. Алайда, Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының зерттеуі бес жылға арналған бағдарламаның ойдағыдай орындалмағанын көрсетеді. Бағдарлама іс жүзінде орындалған болса, Қазақстан орыс тілінің үстемдігі жағынан үшінші орында тұрмас еді ғой.

Билік былтыры желтоқсан айының соңында тіл саясатын іске асырудың  2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітті. Ал президент Тоқаев: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін»  – деп үміттенеді…

arasha.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
3 года назад 2383
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир