WhatsApp мессенджерінде жіберілген хатты қалай өшіруге болады?
WhatsApp мессенджерінде жіберілген хатты қалай өшіруге болады?

Жаңартылған WhatsApp мессенджерінде адресатқа жіберілген және оқылған хаттарды өшіру мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі iguides.ru сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай функция бірнеше ай бойы сервистің бета-нұсқаларында сынақтан өткізілген. Жаңа функция көмегімен алушыға жіберілген хаттарды өшіріп тастауға болады: хат сіздің мессенджеріңізден ғана емес, хатты алған қолданушының құрылғысынан да жойылады (немесе топтағы барлық қолданушыдан).

Алайда, бір айта кетерлігі, хатты басқа құрылғылардан жіберілгеннен кейін жеті минут ішінде өшіріп үлгеру керек.

«Адресаттың барлық құрылғысынан хатты өшіру үшін оларды диалогтан таңдап, экранның жоғарғы жағындағы себет белгісін басу қажет. Кейін «хатты тек сіздің диалогыңыздан немесе барлық қолданушы үшін өшіру» деп жазылған терезе шығады. Хат жойылған жағдайда, адресаттың телефонында «Бұл хат өшірілді» деген жазба шығады», - деп хабарлайды iguides.ru.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 лет назад 4956
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232