Ұстаз
Ұстаз

- Ұстаз, мені есіңізге түсіре алдыңыз ба?

- Жоқ,- деді ол.

- Бәлкім, есіңізге түсер, баламын ғой, сыныптасымның сағатын ұрладым. Сыныптасым сағатын жоғалғанын айтып, бәрі дүрліге бастағанда сіз бәрімізді қаз қатар тұрғызып қойдыңыз да көзімізді жұмуды бұйырдыңыз. Сонсоң қалтамызды тексердіңіз. Сағатты менің қалтамнан тауып алсаңыз да ешкімге білдіртпей менен кейін сапта тұрғандардың да қалталарын тексеріп, ары өтіп кеттіңіз. Сағатта егесіне қайтарып беріп, кімнен табылғанын ешкімге айтпадыңыз. Тіпті, мені артынан шақырып алып, бетіме басып, оңашада ескерту жасаған емессіз. енді есіңізге түсті ме?

- Жоқ,- деді ұстаз. - Сол күні мен де көзімді жұмып тексеріп едім...

 

 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 года назад 3117
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232