Уақытты сатқан әйел (фото)
Уақытты сатқан әйел (фото)

Рут Бельвиль атты әйелге ата-анасынан «Уақыт сататын» бизнес мұраға қалыпты. Лондонның орталық ауданында тұратын ол король обсерваториясында орналасқан орталық сағат бойынша өз сағатын туралап, сосын дәл уақытты қала тұрғындары мен қонақтарына сататын болған. Яғни, Рут ханым арқылы сағат түзегені үшін ақша төлеген. Бұдан өзге, ол сағат жөндейтін шеберханаларды аралап жүріп, дәлме-дәл уақытты оларға да сатады екен.

1924 жылдың ақпан айынан бастап «Би-Би-Си» радиостансасы Гринвич бойынша дәлме-дәл уақытты хабарлай бастағаннан, Рут ханымның бизнесі тоқырауға ұшырап, оның абоненттерінің саны бірнеше жүз адамнан 40-50 адамға түскен.

Алайда, Рут ханымның ескі таныстары ол 85-ке толып, зейнеткер атанғанша оның клиенті болған. Мұқтаждықтан емес, әрине.., кәрі кісінің көңілі үшін.

Ескі қызметтің соңғы өкілі ретінде түрлі басылым журналистері Рут ханымнан сұхбат алып тұрған. Кейіннен, ол бақилық болған соң, көп жылдан кейін.., 2008 жылы Гринвич Ұлттық Музейі өздерінің тарихи серіктесі болған Рут Бельвиль туралы кітап шығарған.

ÒÐ°Ð½Ð°Ñ ÐÑкендÑÑ ÑÑÑеÑÑ.

Фейсбук әлеуметтік желісіндегі "Киіз кітап" тобында жарияланған Қанат Ескендірдің жазбасынан

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 лет назад 3416
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232