Тұздың тағы бір қаупі анықталды
Тұздың тағы бір қаупі анықталды

Америкалық ғалымдар тамақ ішкенде тұзды жиі пайдалану ішектердің жұмысын бұзатынын анықтады. Сондай-ақ, ол адамның танымдық деңгейінің шектелуіне әкеп соғуы мүмкін. Зерттеу материалы Nature Neuroscience басылымында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Мамандар үш апта бойы үздіксіз тұзды қолдану эндотелий жасушасының жұмысын нашарлатып, мидағы қан ағымын азайтып, танымдық дамуды шектейді, тек қан қысымына әсер етпейді деген мәлімдеме жасады.

Тұзы көп диета ішектегі Т-хелперов 17 жасушалардың және интергекин-17 молекуласының санын көбейтеді. Ғалымдардың айтуынша, қан ағымында интерлейкин-17 құрамының өсуі мидағы қан айналымына кері әсер етеді.

Зерттеушілер мұндай қорытындыны тышқандарға жасаған сараптамасынан кейін шығарды. Алынған нәтиже адамдарға да сәйкес келеді. Кеміргіштер дұрыс тамақтану режиміне ауысқан кезде тұзы көп диета өз әсерін жоғалтпаған.

Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күніне бес грамнан артық тұз қолданбауға кеңес береді. Егер әр адам дәл осындай көрсеткішке жетсе, онда жыл сайын 2,5 миллион адамның өмірін құтқарып қалуға болады.

Ұйымның ақпаратына сүйенсек, әлемдегі адамдардың жартысынан көбі натрий хлоридін 80-140 пайыз артық қолданады. Артық тұз ағзаға көбіне нанмен, құрғақ таңғы аспен және дайын аспен тамақтанған кезде түседі.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
7 лет назад 3324
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232