Түріктер пилотсыз электрлі автобус шығара бастады
Түріктер пилотсыз электрлі автобус шығара бастады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердуан дүйсенбіде алғашқы отандық пилотсыз электр автобусын сынақтан өткізді. Бұл туралы Аnadolu агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Karsan компаниясының пилотсыз электробусы ел президентінің әкімшілігі кешенінің аумағында таныстырылды. Қозғалыс барысында мүлдем дерлік дыбысы болмайтын автобустың ұзындығы 8 метр. Түркия басшысы жыл соңына дейін ұзындығы 24 метрлік пилотсыз электр автобусын құрастыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Түркия электробустар нарығында лайықты орын алатынына сенімдімін. Жақында автобустардың сериялық өндірісі жолға қойылады», — деді Ердуан.

Сондай-ақ отандық пилотсыз электр автобустарын жаппай өндірудің арқасында Түркия әлемдік автомобиль нарығының осы сегментінде өз орнын табатынын, ал отандық компаниялар жаһандық брендтердің қатарына қосылады деген үмітін білдірді.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 года назад 1520
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232