Памуккале - бұл Анталияға жақын жерде орналасқан Түркиядағы ерекше жерлердің бірі. "Памуккале" сөзі "Мақталы қорған" деген мағынаны білдіреді. Яғни, алыстан қарасаң, аппақ түсті қорғанға ұқсайды. Атауын да соған байланыстырып қойса керек.
Памуккалені адамдар тек қана тамашалау үшін ғана келмейді, сонымен қатар ем қабылдау мақсатында да табан тірейді. Минералдарға толы су әрі жылы, әрі көптеген ауруларға ем. Әсіресе тері ауруларына әсері күшті.
Мынау сол Түрік елінен келген естелік зат (сурет жеке мұрағаттан)