Саумал 10-15 минуттың ішінде ішілмесе, адамға зиян болуы мүмкін. Өкпе зақымданғанда қымыз бен шұбаттың пайдасы бар ма?
Саумал 10-15 минуттың ішінде ішілмесе, адамға зиян болуы мүмкін. Өкпе зақымданғанда қымыз бен шұбаттың пайдасы бар ма?

Ол кезде саумал асқазанға ауыр болып, іш жүргізіп, адамды құстыртуы мүмкін. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзінің тілшісі Назгүл Ержанқызының материалынан біле аласыздар:

Саумалға сұраныс артқаны соншалықты жаңа сауылған бие сүтін ішу үшін алматылықтар түнгі бірден бастап кезекте тұрады. Соның өзінде жетпей қалып жатады екен.

Иммунитетті көтеруде пайдасы зор деген олар қала маңындағы бие ұстайтын шаруа қожалықтарына келеді. Оның арасында өзге ұлт өкілдері де бар.

– Түнгі бірден бастап келеді. Таңертеңгі алтыдан бастап келгендер 11-де саумалды әрең ішеді. Кезегімізді 5-6 сағаттап күтеміз,- дейді кезектегілердің бірі.

Жайылымда жүрген жылқы  таңғы жетіден бастап, әрбір екі сағат сайын кешкі жетіге дейін сауылады.  Өткен жылы саумалдың литрі 500-600 теңге болса, бүгін 1000 теңгеге жетті. 

– Саумалға екінің бірінің қолы жете бермейді. Оны белгілі бір қалыпта ұстап тұру да қиын. Бие сауғаннан кейін 10-15 минуттың ішінде ішілмесе, сүт өзгеріске ұшырайды. Ол сізге ем болмайды. 15-20 минуттан кейінгі сүт қышқылы көтерілуіне байланысты саумал асқазанға ауыр болуы да мүмкін. Оның құрамындағы витаминдердің өзгеруіне байланысты асқазандағы қышқыл көтеріледі де, адамның іші жүруі немесе құсуы мүмкін. Пандемия кезінде көптеген дәрінің баламасына айналған ұлттық сусынның қадірін халық енді түсінді. Сондықтан көпшілік табиғи таза өнімдердің қолжетімді болғанын қалайды, – дейді  Қазақ-неміс қымыз ғылыми-зерттеу институтының директоры Айтуған Мұқашев.

Өкпе зақымданғанда қымыз бен шұбаттың пайдасы бар ма? - дәрігер жауабы

Дәрігер түрлі фитопрепараттар мен шөп тұнбаларын қолдануға кеңес берді.

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова өкпесі зақымдалған науқастарға халық медицинасының маңызы туралы айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ол коронавирустан өкпесі зақымдалған науқастарды емдеуде ең маңыздысы тыныс органдарын оңалту екенін атап өтті. Сол себепті, дәрігерлер пациенттерге тыныс алу гимнастикасымен айналысуға кеңес береді. 

"Күніне үш рет 10-15 минуттан қарапайым жаттығу жасап тұрыңыздар. Терең дем алып, демді шығару өкпе жұмысын жақсартады", - деді профессор. 

Қасенованың айтуынша, тыныс жаттығуларынан бөлек, оңалту кезеңі кезінде халық медицинасының да маңызы зор әрі қолжетімді. 

"Біз ұлттық сусынымыз – қымыз бен шұбаттың емдік қасиетін жақсы білеміз. Егер пациентте панкреатит немесе асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары болмаса, оларды іше беруге болады. Өйткені, ол дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Коронавирус ағзаға ауыр соққы болғандықтан, қымыз бен шұбат қайта қалпына келуге көмектеседі", - деді пульмонолог.

Сонымен қатар, дәрігер түрлі фитопрепараттар мен шөп тұнбаларын қолдануға кеңес берді.

 Төрегелді Шарманов қымыздың төрт ерекшелігін айтты

Академик Төрегелді Шарманов коронавирус инфекциясының алдын алу жөнінде кеңес берді. Оның айтуынша, сұйық тағамды көбірек ішу керек. соның ішінде қымыздың орыны ерекше. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзінің тілшісі Сұңқарбек Батанның материалынан біле аласыздар. 

«Қымыздың құрамында мың сан дәрумен бар. Оның ең басты төрт ерекшелігіне тоқталсақ, біріншіден – қымыз құрамындағы ақуыздың «альбуминдік» сіңімді, нәзік табиғаты, екіншіден – оның құрамында трансмай қышқылы жоқ. Бұл майдың ағзаға зияны өте көп. Үшінші ерекшелігі – қымыз табиғи антибиотик. Төртінші қасиеті – ашыту процесі барысында пайда болатын вирустар мен бактерияларды жоюға қабілетті аскорбин қышқылына (С дәрумені) өте бай», – дейді ол.

Академиктің айтуынша  қымызды ысытып ішуге болмайды. Егер, олай жасайтын болсақ, қымыздың құрамындағы мен айтып отырған дәруменнің барлығы жойылып кетеді.

«Ең дұрысы – қымызды бөлме температурасында ішу. Қымызды тоңазытқышқа қойып, салқындатуға да болмайды. Биенің сүтін сауылған бетте жылыдай ішуге болады», – дейді тағамтанушы.

қымыз

Академик Төрегелді Шарманов

Саумал мен қымыздың қандай пайдасы бар?

Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынымыз қымыздың адам денсаулығына берер пайдасы орасан зор екені талай мәрте жазылып та келеді. Қымыз құрамындағы дәрумендер мен оның шипасы туралы тағы бір мәрте оқырман назарына салуды жөн көріп отырмыз.

* Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.

* Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Қуаттандырады.

* Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді.

* Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады.

* Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан.

* Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады.

* Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.

* Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды.

* Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.

* Қымыз адамның физикалық жағдайын оңалтып, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады.

* Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды.

* Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.

* Кез келген сүттегі ең бағалы зат – ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 – 2 % болады. Қымызда шамамен 1,3 – 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем.

* Тұрақты түрде қымыз ішкен адамның иммунитеті артады.

* Бие сүтіндегі полиқанықпаған май қышқылдары қан айналымын жақсартады.

* Бие сүтіндегі лактоферрин атты ақуыздан Ресей ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі жасауда.

* Қымыз ішкен адамның жаны мен қаны бұрынғы ішкен арақ пен сыраның зардаптарынан тазартады.

* Ерлер белсіздігіне қымыз ем.

* Қымыздың майы атерокслероз ауруына шипалы.

* Қымыздың құрамындағы қанықпаған май қышқылдары адам денесіндегі жасушаларды жақсартады.

* Қымыздағы кіші молекулалы пептидтер жасушалардағы нәруыз (белок) синтезін күшейтеді, ағзадан улы заттарды сыртқа айдап шығарады, ұрық безі гормондарының түзілуін дамытады.

* Тамақтың алдында немесе тамақпен бірге аз мөлшерде (50–100 мл) ішілген қымыз ас қорыту сөлдерінің бөлінуін айтарлықтай күшейтеді.

* Ағзадағы зат алмасуын реттеп отыратын асқазанның, ішектің, ұйқы безінің ас қорыту сөлдерінің, бауырдағы өт бөлетін ферменттердің жұмысын ынталандыратын қымыз құрамында пайдалы заттар бар.

* Қымыз құрамында ағзаға жеңіл сіңетін ақуыздар, пептидтер, аминқышқылдар болғандықтан, сусынның бұл түрі сырқат адамның күш-қуатын тез қалпына келтіреді.

* Қымыздағы F дәрумені болып табылатын линолен және линол қышқылдарынан простагландиндер мен басқа да маңызды эйкозаноидтар түзіліп, олар жасушалар деңгейінде барлық химиялық үдерістерді реттейді, тін жасушаларының жаңаруын жылдамдатады. Бұл өнімдерде В тобы, А, Е дәрумендері, әсіресе С дәрумені өте көп. Олар қымызда түзілген антибиотиктермен бірге жасушалардың қанықпаған липидтері қышқылдандырғыштарының әсерін тежейді, адамның иммундық жүйесі мен денсаулығын нығайтып, күшейтеді.

* Қымыз ашығанда пайда болатын сүт қышқылы, спирт асқазан-ішек сөлін қоздырып, астың жақсы қорытылуына, ыдырау өнімдерінің сіңуіне жәрдемдеседі.

* Қымыз құрамындағы биологиялық белсенді ақуыздар, эйкозаноидтар, С дәрумені, микроэлементтер, сүт қышқылды, спирт ашу өнімдері жасушалардағы химиялық реакциялар ағымын шапшаңдатуға, олардағы үдерістерді қалыпқа келтіруге үлкен ісер етеді. Бұл тіндердің жасушалық компоненттерін жаңартып, ағзаны жасартады.

* Бие сүтінде С дәруменінің мол болуынан, қымыз туберкулез ауруын емдеуде өте шипалы. Қымыз туберкулезбен ауыратындардың ағзасындағы дәрумендер алмасуының бұзылуын тоқтатады.

* Қымыз құрамында В, В2, В12 дәрумендері бар болғандықтан, ол жүйке ауруларына да өте шипалы.

* Қымыз ас қорыту органдарының, жүрек-қантамырларының, жүйке жүйесінің, басқа да органдардың қызметін жақсартады.

* Қымыз ішкенде адам тәбеті ашылады. Оған қымыз құрамындағы сүт қышқылы әсер етеді.

* П. Ю. Берлиннің зерттеуінде бие сүті майының туберкулез бактериясының өсуін тежейтіні айтылады.

* Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларынан, ішек-қарын, жүрек, қантамырлары кеселдерінен емдегенде, дәрумендер жетіспегенде қолданылуда.

* Қымыз мал ауруларын емдеп-жазуда да кеңінен пайдаланылады. Оның ем болатын сырқаттары: бұзаулар мен құлындар диспепсия ауруына шалдыққанда, бұзаулар мен құлындардың, балапандар мен тауықтардың ащы ішегінде қабыну белгілері байқалғанында, бұзаулар мен құлындар қан бөлетін гастроэнтеритті ауруға ұшырағанда, ірі қара малдың асқазаны әлсірегенде, балапандарға А және В дәрумендері жетіспегенде, іріңде, күйікте, сиыр, бие, қойларда кездесетін іріңді вагинит және эндометрит ауруларында, сиырлар мен биелердің іріңді желінсау дертінде және тағы да басқа науқастарында.

* Қымыздың әсері адамның бүкіл ағзасын өзгертеді. Ондағы физиологиялық, биохимиялық үдерістерді күшейтеді, зат алмасуды қалпына келтіреді.

* Қымызда адам ағзасына қажетті барлық элементтер бар.

* Адам тамағында В1 дәрумені болмаса, ол бергебери ауруына шалдықтырып, мұндай адамның қозғалғыш және сергек сезім жүйкелері зақымданады, паралич (сал) болып қалады. В12 дәрумені жоқ болса, жілік майында қан құрау бұзылады, қан аздық пайда болады. Мұнан қымыз ішіп сақтана аласың.

Oinet.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
4 года назад 67937
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232