Ростовта тұратын өнертапқыш Игорь Негода өзінің велосипедін реактивті қозғалтқышпен жабдықтады. Енді оның екі дөңгелекті көлігі жылдамдықты сағатына 72 шақырымға дейін жеткізе алады.
Ол қарапайым велосипедке 18 келілік турбина орнатып, жанармай құйылған багын рюкзагын салған.
Арнайы жабдықсыз жылдамдығы сағатына 39 шақырым болса, механизм орнатылғаннан кейін 72 шақырымға дейін жылдамдықты ұлғайта алған. Өнертапқыш мұнымен тоқтап қалмаймын дейді.
Ал желі қолданушылары болса оның өнертабысына үлкен таңғалыс білдіріп жатыр.
“Менің бала кездегі арманымды орындадың” деп жазады желі қолданушысы. Өзгелері де мұндай ерекше өнертабысқа қолдаушылық танытқан.