РФ Қиыр Шығысты дамыту жөніндегі министрі Александр Галушканың айтуынша, келесі жылдан бастап барлық азаматтар осы аймақтан бір гектар жер ала алады. Ағымдағы жылы маусымның 1-і күні күшіне енген заңға сәйкес, Қиыр Шығыста тегін гектар берілетін тоғыз аудан бекітілген болатын. Олар – Якутия, Камчатка, Приморск, Хабаровск, Амур, Магадан, Сахалинск, сондай-ақ Еврей мен Чукот автономды округтар. Осыдан кейін бүкіл Қиыр Шығыс федералды округында жер беру шешімі қабылданған болатын. Оған тек округ тұрғындарына ғана қатысуға мүмкіндік берілген еді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі РИА-Новости порталына сілтеме жасап.
«Енді, келесі жылдан бастап Ресейдің барлық азаматтары өтініш беріп, тегін бір гектар жерді ала алады. Мемлекет өз тарапынан нақты талап қойып отыр. Бес жылдың ішінде жерді игеріп алу қажет. Ол талап орындалмаса, жер мемлекет меншігіне қайтарылады», - дейді А.Галушка.
Министрдің сөзіне қарағанда, қазан айына дейін жерді игерудің 30 типтік шешімдерін әзірлеу көзделіп отыр. «Ол құжаттар жерді игерудің бизнес-жоспарлары іспетті болады», - деп атап көрсетті министр.