Қытайда бір отбасында бір ғана бала болсын деген саясат ұстанған кезде адам саны 1 миллиардқа жуықтаған. Ал, 2015 жылдың күз айына қарт жастағылардың көбеюіне байланысты екі балалы болуға рұқсат беріліп, ел билігі демографиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруді қолға алды. Қазір Қытайда 1,3 миллиард адам бар.
Мына суреттер Қытайдағы адам санының соншалық көп екенін дәлелдейді, деп хабарлайды stan.kz сайты Business Insider-ге сілтеме жасай отырып.
Шэньси провинциясында 2015 жылы 1700 талапкер сынақ тапсырып, орын жетпегендіктен экзаменді көшеде өткізуге тура келген.
2013 жылғы Аньхой провинциясында 1,8 млн адам сынақ тапсырған.
Студенттер жатақханасындағы жайылып тұрған төсек жаялықтары.
Пекиндегі метрода кептеліс уақытында адамдар эскалатор мен сатылар арқылы төмен түсуде.
Пекин әуежайында адамдарды тасуға кезекке тұрған жүргізушілер.
Мыңдаған адамдар жұмыс іздеп жәрмеңкелерде кезекке тұруда.
Шанхай орталығындағы көшеде
Пекин көшелерінің біріндегі кептеліс уақыты.