Қазақты «қыликөз гастарбайтер» деген ресейлік журналист Қазақстанда дәріс оқымақшы
Қазақты «қыликөз гастарбайтер» деген ресейлік журналист Қазақстанда дәріс оқымақшы

Ресейлік журналист, ақын, киносыншы Дмитрий Быков Қазақстанда дәріс өткізбек деп хабарлайды«Қазақ үні» газеті NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Қазақтарды «қыли көзді гастарбайтер» деп атаған ресейлік журналистің Қазақстанға сапары туралы Facebook желісіндегі Лекторий.kz парақшасы хабарлады.

Ол қыркүйектің 15 күні Алматы қаласына келіп, «Михаил Булгаков «Собачье сердце» дәрісін оқитын болады. Ресейлік журналистің келуі әлеуметтік желі қолданушыларының ашуына тиіп отыр. Себебі, ол өзінің «Квартал» деп аталатын кітабында қазақтарды «қытай гастарбайтерлері» деп атаған. Оның Алматыға келіп, дәріс оқығанына қарсы болғандардың бірі, желі қолданушысы Олжас Бибанов. Ол осыған байланысты желіге жазба қалдырып, өз қарсылығын ашық білдірді.

«Дмитрий Быковқа публицист ретіндегі құрметің оның «Квартал» деп аталатын кітабын оқығаннан кейін жоқ болады (фотоны қараңыз). Қазақтарды сыйламайтынын ашық білдірген ол енді сол елге теңгесі үшін келе жатыр. Быков жақын арада, 15 қыркүйек күні Алматыда дәрісін өткізуді көздеп отыр.

Өзін өзгелерге сыйлата алғысы келген адам өзін өзі сыйлауға тиіс. Сондықтан, ксенофоб автордың біздің елге келуіне орай мынадай екі ұсыныс жасағым келеді:

1) Өзіңді өзің қадірлеп, кім көрінген шовинисттің дәрістеріне жол бермеу. Ұйымдастырушылар іс-шараны болдырмауы қажет.

2) Егер іс-шараны болдырмау туралы шарт орындалмаса, онда оның өтуіне басқаша тәсілдермен кедергі келтіруді өзім ұйымдастыратын боламын», – дейді ол.

Айта кету керек, ол бұған дейін де, биылғы жылдың 12 мамырында Қазақстанға келіп дәріс оқып кеткен еді. Оның дәрістерінің құны 1000-нан 20 000 теңгеге дейін тұрады.

Олжас Бибановтың желідегі бұл жазбасын 2 078 адам бөлісіп, Дмитрий Быковтың ұлттың намысына тиер сөздеріне наразы екендіктерін білдірді.

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 лет назад 3154
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232