Қазақстандықтар ХҚКО-да құжатқа суретті өзі таңдай алады
Қазақстандықтар ХҚКО-да құжатқа суретті өзі таңдай алады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Сүйеніш Әбділдин Қазақстандық ХҚКО-лар үшін қандай жаңалықтар дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, "Азаматтарға арналған үкімет" Қазақстан ІІМ-мен бірлесіп ХҚКО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жоба әзірледі. Олар биометриялық жүйемен және түсінікті интерфейспен жабдықталған.

"Клиенттер өз бетінше келіп, суретке түсіп, ең жақсысын өзі таңдап, көші-қон қызметкерлеріне өтініш жібере алады. Қазіргі уақытта бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіліп жатыр. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында осы терминалдарды іске қосамыз", - деді ол ОКҚ брифингінде.

2021 жылы елімізде 2,4 миллион жеке куәлік пен төлқұжат рәсімделген. 

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
2 года назад 1396
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир