"Қазақ" атауын орыстар қалай "қарлұққа" айналдырып жіберді?
"Қазақ" атауын орыстар қалай "қарлұққа" айналдырып жіберді?

Жалғасы. Басы мына сілтемеде: Аcылұя - патшалар династиясы) 

(Жалғасы)

14. Қарлұқ қағанаты мен Қараханиды: Ресей идеологиясы орнықтырған ресми тарихта «Тюргеш қағанатынан кейін 756 жылы (VIII ғасыр) Қарлұқ қағанаты орнады. Сосын оның орнын 840 жылы (ІХ ғасыр) Қараханиды мемлекеті басқан» деп оқытылады. Бұл сенімсіз деректер мен дәлелсіз болжамдардан құралған жалған тұжырымдар екені анық. Қарлұқтар құрамында «тюргеш» деген бар, ал Тюргеш тобы Тюрки Ашина династиясының өзі екенін алдыңғы мақаламызда жаздық (тюрк ашина – тюркаш). Яғни, Қарлұқ қағанаты заманында да қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағында Тюрки Ашина (тюркаш-түркеш) династиясы билігі жалғасқан.

Әлем ғалымдары мойындаған тарихи жазбалардың бірегейі – ХІІІ ғасырдағы араб тарихшысы Ибн әл Асирдің «Китаб әл-камил фи-т-та'рих» атты еңбегі. Атақты академик В.В.Бартольдтың «Ибн ал-Асир с величайшей добросовестностью и редким по тому времени критическим тактом собрал огромный материал для своего труда», дегені сөзімізге айғақ. Әрине, аталған тарихи жазбаны Ресей оқымыстылары орысшаға аударған. Сондықтан онда көптеген түркілік атаулар мен есімдер бұрмаланған, жазбадағы деректер тізбегі ресейлік жалған тұжырымдарға сай өзгертілген. Мысалы, орысша аудармада жақша ішінде түркілік атаулардың арабша жазбадағы жазылу нұсқасы  көрсетілген, алайда «карлук», «гузи», «учук», «базук» тәрізді аса маңызды атаулардың жазылу нұсқалары жоқ (оларды «в тексте:***» деп жұлдызшалармен жасырған). Дегенмен, осы орысша аударманың өзінен шынайы тарих орыстар айтқандай еместігін түсіну қиын емес (тікелей арабша нұсқадан қазақша аударса, көп шындық ашылар еді).

Ресейлік иезуйдтердің зымиян саясаты Түргеш қағанатындағы қазақ халқын «карлук» деп бұрмалап енгізген тарихқа. Араб әріптерінің жазылу ұқсастықтары оларға солай бұрмалауға мүмкіндік берді (арабша оңнан солға қарай оқылатынын ескертеміз): كزاق – казақكرلق – карлуқ. Осылайша 751 жылғы Талас (Атлах) шайқасында мұсылман араб әскерімен қосылып Син әскерін талқандаған қазақ емес, Қарлұқтар болып шыға келді. Алайда шынайылығын әлем ғалымдары ғана емес, Ресей тарихшылары да амалсыз мойындаған Ибн әл Асир жазбасы тарихымыздың мүлде өзгеше екендігін көрсетеді.

Қытай жазбаларында «карлук» деген жоқ, орыстар қытай жазбасына «гэлолу» деп енген атауды «карлук» деп түсіндіруге мәжбүр болды. Шындығында, «гэлолу» – «Керейлер» деген атаудың қытайша бұрмалануы, гэлолу құрамындағы «молуо», «чисы», «ташили» деген рулар – керей тайпасының молқышерушітарышы рулары. Сол гэлолу тайпасы мекендеген аймақта әлі күнге дейін қазақтың Керей тайпасы отыр. Ал Қарлұқ пен Қараханиды деген атаулармен еш ру немесе ел сақталмаған, олар із-түзсіз жоқ болды. Қайдан сақталсын, ондай атаумен тарихта еш ел немесе тайпа болмаса, ол атаулар қазақтың болғанын жасырумен айналысқан ресейліктердің қаламынан туған. Каньгю – каңлы, жужан – жүржэн, тайджут – адайжұрт, мангу – маңғыл мен маңғыт, най (қытайша «сүт елі») – найман (най мен маңғы одағынан), гэлолу – керей, аргунь – арғын, хунрат – қоңырат, уйсун – үйсүн, дула – дулат, кифчак – қыпшақ, бурч – беріш, черкаш – шеркеш, хэгу – қырғы немесе қырғыз, уху – уақ, юэчжи – ошақ, ата – аталық, хунь – қоңыр, хуньмо – қоңырмын, тартар – татар, сильюань – асылұяң (ас), борджигин – бөріжігің, шивей – шибөраш (шапыраш), лань – ұлан (алан), сюйбу – сұрбөрі (көкбөрі), хуянь – құман (куманды мен құмық), ханасювеги – ханасүйбегі, тугэ – төргі (тюрки), асяньщэ – асұяңшы, сирак – сирақты, язык – үзік (үз-ақүз), үзбек – өзбек, аорс – арыс (урус), касах, кашак, хаса, косаг – қазақ, үйқыр – ұйғыр, қарапапах – қарақалпақ, тазжік – таз және тәжік, джалайыр – жалайыр, аккойлы – аққойлы, қаракойлы – қарақойлы, чумукун – шымырқұң, шуниш – жаныс, хулсузю – құли, абар – абыралы мен авар, сакалбан – албан, сыван – сыбан, шахсеван – сақсыбан, алан танаиды – тана мен байтана, алан – қарашай мен балқар және дигор (осетин) мен дула (дулат), асылдан – сұлтан, асылжік – селджук болып жалғаса береді. Осылайша ежелгі тайпа-елдер мен олардың ұрпақтарының үзілмеген байланысын көреміз. Ал жеке дара мемлекет орнатты делінетін Қараханиды мен Қарлұқтардан еш із қалмаған. Өйткені, мұндай атаулар тарихта болмаған. Тараздағы Қарахан баба кесенесі Қараханидилердің болғанына дәлел емес. Өйткені, оның ХІХ ғасырда салынғаны белгілі, Қараханиди династиясының тарихта болғанын дәлелдеу үшін тұрғызылған. 

Енді Син елі жайында дұрыс анықтама алып алсақ, ресейліктер «Син – Қытай елі» деп тұжырымдаған. Қытайда ең алғашқы Цинь мемлекеті біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда болды. Оны орнатқан Шихуанды қытай деректері «сюну (варварлар) елінен, яғни, хунь елі адамы» деп көрсеткен. Ал Хунь империясын билеуші «Шың» деп аталған,  мағынасы – аса биік ұлы, билеуші әулеті Шыңүй деп аталған (шанью) және билеушілер тек асылұяң руынан болған (силюань). Хунь адамы орнатқан қытайлық мемлекеттің «Цинь» атауы мен хунь билеушісінің «Шың» лауазымы ұқсас дыбысталады. Шамасы, Қытайда мемлекет орнатқан Хунь өзін «Шың» деп ататқан. Осы атау қытай тілінде «Цинь» болып, мемлекет осы атаумен тарихқа енген.

Қазіргі Қытайда VI ғасырдан бастап Шыңғысхан заманына дейін болған мемлекеттер: Суй (581-618 ж.ж), Тан (618-907 ж.ж), Сун (960-1279 ж.ж), Юань (1280-1368 ж.ж). Ресейліктер «751 жылы Талас шайқасында арабтар мен көшпелі түркілер әскері қытай (Син) әскерін талқандады» деп тұжырымдайды. Ол заманда қытай елінде Тан мемлекеті болыпты, оның атауы Син атауына еш ұқсамайды. Тан мемлекеті VIII ғасырда өз ішіндегі алауыздықтан өте әлсіз болған. Қытай тарихында сол жүзжылдықта Талас шайқасы орын алғаны жазылмайды. Олай болса араб жазбасындағы «Син» қытай елі болуы мүмкін емес, оның үстіне Ибн әл Асир «Син елі – түркілер» деп анық көрсеткен. Ибн әл Асир жазбасы «Син елі» деп деректеген аймаққа қазіргі Маңғолия мен «ішкі Маңғолия» және батыс Манжурия енген дейміз (ежелгі Хунь халқы жері), арабша жазбадағы атау – «Син» емес «Шин», дәлірек айтсақ, «Шың». Ол аймақта VIII ғасырда Үйқыр кағанаты болды.

Қытайдың солтүстік батысында, кәзіргі Баян Нур қаласы орналасқан аймақта Х ғасыр мен ХІ ғасырда таңғұттардың өте қуатты Ся мемлекеті болған (таңғұт емес, татар елі екені Ибн әл Асир деректерінен байқалады). Ол атаудың дұрысы Асұя деп білеміз, яғни, Асылұя династиясы билеген түркі-татарлар мемлекеті.

Манжур журжэндері ХІІ ғасырдың басында Цзинь империясын орнатқан (1115-1234 ж.ж) және оның құрамына Солтүстік Қытайда енген, артынша оның орнын Шыңғысхан империясы басқаны мәлім. Кейін XVI ғасырда сол Манжур журжэндері Қытайды қайта бағындырып, Цин империясын орнатқаны белгілі.

Асылұя жайлы алдыңғы мақалаларымыздың бірінде ІV-VІ ғасырлар арасындағы Жужан қағанаты жайлы айтылған. Сол мақалада «жужан» сөзі дұрысында «жүржан» екенін айттық. Олардың әуелгі қалыптасқан жері – Журжан теңізінің (Каспий)жағасы, Маңғыстаудан маңғы тайпасын ертіп жорықтарын бастаған, сол маңғылармен жүржандар орныққан аймақ Маңжүр (Манжурия) деп аталып кеткен. Алайда, билеуші жүржандар онда (жүржэн) дербес ру болып сақталып қалған, «р» дыбысы жоқ қытай жазбасына «жүржан» атауы «жужан» болып енген. Шыңғысхан заманындағы маңғыл тайпасы сол Маңғыстаудан барған маңғы тайпасының тап өзі. Жужан қағанатын билеген – Сұрбөрас династиясы (сұрбөрі тайпасы мен хан тайпасы асылұя одағынан қалыптасқан), кейін бақталастары – Төргі Асұяшы (тюрки ашина) династиясы оларды «Шибөраш» деп ататып кеткен және осы шибөраш қытай жазбасымен тарихқа «шивей» болып енген. Бұл деректердің бәрі біздің мақаламызда нақты дәлелдермен жазылған.

Маңжүр жүржэндері өздерін ежелгі шивей ұрпағы деп білген және Шыңғысхан династиясы да өздерін шивей ұрпағымыз деп таниды. Маңжүрлер (манжур) қол астындағы хидан-халхалар ықпалымен және кейін қытай тілі ықпалымен ХVII ғасырдан кейін түркітілділігін жоғалтты. Алайда, әлі де тілдерінде қазақы сөздер кездеседі. Дегенмен, олар сол ХVII ғасырға дейін түркітілділігін сақтап келген. Манжур жүржэндері өздері орнатқан екі мемлекетті де «Цинь» деп атады, ал қытай елінде ежелде болған Цинь мемлекетін орнатқан хунь адамы (ол да түркітілді). Осы «Цин» атауы дұрысында «Шың» дедік, ол – билеушіге, патша-ханға берілетін лауазым. Өз империясын ХІІІ ғасырда орнатқан Теміршың есімін Шыңасхан деп өзгертті, оның екі есімінде де «Шың» сөзі бары бекер емес. Оның «Теміршың» есімін «Тимучин» еткен «р» дыбысы жоқ қытай жазбалары, ал «Шыңасхан» есімін «Чингисхан» еткен арапша жазбалар ықпалы. Ол – Асылұя тайпасынан тарайтын шибөраш (шивей) династиясынан, осы «шибөраш» деген жағымсыз атауды оның аталары «бөріжігің» деп өзгерткен (Шыңғысхан руы – борджигин, яғни бөріжігің). Ол есімін Шыңасхан деген лауазым-есімге өзгертті, мағынасы: «Шың» дәрежелі, «Ас» ұрпағынан болған «Хан» (Шың-Ас-Хан). Ежелден түркілер мекендеген қазіргі Маңғолия мен Батыс Манжурия аймақтарын араб-парсылар ертеден «Шин» атауымен таныған. Міне, осы атауды орысша «Син» деп көрсеткен ресейліктер екені түсінікті (арапшада: شين – шинسين – син). Ал Солтүстік Қытай өлкесі XI ғасырдан бастап Шың елі орнатқан Империялар (манжур жүржандық Цзинь (Шың) империясы мен Шыңғысхан империясы) құрамында болды, сол себептен XIV ғасырдағы арап жазбалары ол аймақтыда «Шин елі» (Син елі) деп көрсетеді. Ал оған дейінгі арап жазбаларындағы «Шин елі»,  ежелде хунь халқы мекендеген қазіргі Маңғолия мен Батыс Манжурия аймақтары (Ибн әл Асирдің «Син елі – түркілер» деп көрсетуі соның дәлелі).

Түркі Ашина династиясы билеген Түргеш қағанаты VIIІ ғасырдың ортасына таман шығыс аймағынан айрылып қалған, онда жужандық Асылұя шивей-шибөраш династиясы билік алып, Үйқыр қағанаты орнағанын алдыңғы мақаламызда көрсеткенбіз. Оның дербестігін 745 жылы Қытай императоры амалсыз мойындаған және Гули Пэйло (ұлы бөрі) хан өзін Гудулупигацюэкэханем (Құттылы-бек-Асүйі-ханы) деп жариялағаны мәлім. Ол аймақты арап жазбалары «Шин елі» деп танығанын, оны ресейліктер «Син» деп орысшалғанын айттық. Олай болса, Талас шайқасына бір жағынан Шың елі әскері (Үйқыр қағанаты әскері), екінші жағынан Түргеш пен мұсылман арабтардың біріккен әскері қатысқан. Түргеш елінің бір бөлігі ол заман мұсылман болған, мемлекет те мұсылман халифаты құрамында деп танылған. Сондықтан араб пен түркі мұсылмандары қазіргі Маңғолиядан келген дінсіз Шың елі әскерімен соғысқан. Талас шайқасына қатысқан көшпелі түркілер қазақ халқы, оны жасыру үшін арап дерегіндегі «казақ» атауын «карлуқ» деп бұрмалаған және сол қазақ халқының мемлекетін Карлуқ қағанаты етіп тарихқа енгізген Ресей саясаты. Сол Қазақ мемлекеті ханының IX ғасырда Ислам дінін қабылдағанын көрсеткен арап дерегінде бұрмалаған, ондағы  «Қазақхан» атауын «Қарахакан» деп орысшалаған және мемлекет атауын  Қараханиды етіп тарихқа енгізгенде Ресей империясы. Оны төмендегі деректер де растайды. 

Халқымыздың шынайы тарихынан сыр шертетін әрі Ресей идеологтары тарапынан бұрмаланбаған Ибн әл Асир жазба мұрасын мұхият зерделеп көрсек:  «И наступил год девяносто четвертый (713 г)... В этом году Кутайба, форсировав реку, обязал жителей Бухары, Кеша, Насафа и Хорезма двадцать тысяч воинов, они присоединились к нему. И направил он их в Шаш, а сам двинулся на Фергану и прибыл к Ходженту. Поднялись его жители, встретили и неоднократно вступали в сражение. И каждый раз успех сопутствовал мусульманам… В этом (750 гпоссорились ихшид Ферганы и царь Шаша. Ихшид попросил помощи у царя Сина, и дал ему подкрепление из 100 тысяч воинов, царя Шаша окружили, и он сдался на милость царя Сина, и тот не причинил зла ни ему, ни его приближенным. Известие об этом достигло Абу Муслима, и он выслал на войну с ними Зийада ибн Салиха. Они встретились на реке Тараза, и мусульмане победили их, перебили 50 тысяч и взяли в плен около 20 тысяч, остальные бежали в Син. Битва произошла в зулхиджжа в тридцать, третьем году (751 г)».

Шаш – қазіргі Ташкент қаласы, ал Тараз дегені – қазіргі Талас өзені. Осы деректен Ташкент аймағына мұсылман арабтар 713 жылы орнығып қойғанын байқаймыз. Ал 750 жылы Шаш қаласын Син патшасы (Үйқыр қағанаты әскері) басып алғанын естіген халиф Әбу Муслима ол жаққа қосымша әскер жіберген. Яғни, Ташкент пен Тараз халқы VIІI ғасырдың басында мұсылман болған (халиф мұсылман жерін кәпірлерден қорғауға тиіс, сол себептен Ташкент пен Тараз аймағына қосыша әскер жіберген). Ол аймаққа Ислам дінін жеткізген арабтар сол маңға орнығып қалды. Өйткені, арабтардың барған жеріне орнығып, ислам дінін жаюды мақсат еткені белгілі. Ресей оқымыстыларының «Талас шайқасында жеңіске жеткен арабтар өз елдеріне қайтып кеткен тәрізді» деген тұжырымдары орынсыз.

Өзге аймақтарда билеуші болып араб қолбасшылары сайланды, тек түркілер отырған аймақтарда олай болмаған. Өйткені, сонау Хунь империясы заманынан бастап, күні кешеге дейін түркілер әлемінде тек Асылұя династиясы ұрпағын ғана патша деп танитын дәстүр сақталып келді. Сондықтан мұсылман араб халифтері түркілердің патшалық дәстүрін бұзуға тырыспады, түркі патшаларының халифатқа тәуелді екенін мойындауы олар үшін жеткілікті болған (тіпті, түркі патшаларына мұсылман арап-парсы әлемі мойыұсынғанына Осман Халифаты тарихы куә). Ислам дініне шақыру үшін көшпелі қазақ халқымен араласқан арабтар көп ұзамай қазаққа сіңіп кетті, тек қалалық арабтар ғана ұзақ уақыт ұлттарын сақтаған. Бұдан көшпелі түркі (қазақ) тайпаларымен бірігіп Талас шайқасына қатысқан арабтар мен қожалар бір емес екенін ұғамыз.

Ибн әл Асир қожалар жайлы мынадай аса маңызды ақпарат береді: «И наступил год сто третий (722 г)... Явился двоюродный брат царя Ферганы к [Хараши] и сказал ему, что согдийцы в Ходженте. Сообщил ему об их положении и добавил: «Нагоняй их, пока не ушли в ущелье. Пока не выйдет срок, от нас им не будет помощи... Хараши окружил их и нацелил на них стенобитные машины. И поднялся воин из арабов и бревном стал ломиться в ворота Ходжента. И ворота отворились.... Сабит Кутна, вспоминая казнь знатных, говорит: «Порадовала душу казнь Карзанджа, Кашкира, участь Беяда. И Дивашти, а также участь Халанджа в Ходжентской цитадели, где они погибли и пропали.... И наступил год четыреста девяносто шестой (1103 год)... В этом году в Рее был убит Абу-л Музаффар ибн ал-Худжанди. Род Худжанди происходит из города Ходжента, расположенного в Мавераннахре. Они свое происхождение к Мухаллабу ибн Абу Суфра». Осы жазбадан Әбу Музаффар деген имам-қожаның ХІІ ғасырдың басында қайтыс болғанын, қожа руы қазіргі Худжант қаласында қалыптасқанын, олар өз руының негізін қалаған Мухаллаб ибн Әбу Суфра деп түсінгенін көреміз. Мухаллаб ибн Әбу Суфра – VII ғасырдың соңы мен VIIІ ғасырдың басында өмір сүрген табиғин мұсылман, Иран аумағын 20 жыл билеген әл-Хаджжадж ибн Юсуф деген арабтың әскер басшысы болған. Тарихта осы екі адамның есімі қатар кездеседі. Әл-Хаджжадж ибн Юсуф Мекке қаласы маңындағы Тайфте дүниеге келген, есіміндегі ал-Хаджжадж атауының мағынасы – туған жері қажылық аймақ болуымен байланысты (мысалы, Бұхарадан шыққан ғалым «әл-Бұхари», Тараздан шыққан адам «әл-Тарази» деп аталды). Оның қол астындағы әскері де сол қажылық аймақтан шыққан араптар, олар да өздерін «хаджжадж» деп атағанды ұнатқан деу орынды. Әл-Хаджжадж ибн Юсуфтің Хорасан билеушісі етіп Мухаллаб ибн Әбу Суфраны тағайындағаны мәлім (Иранның қазіргі Мешхед қаласы орналасқан аймағы). Оның әскері хаджжадж арабтарынан құралған және өзі 703 жылы қайтыс болған. Жоғарыдағы деректе 722 жылы Хараши бастаған арабтардың Ходжент қаласын қалай басып алғаны қамтылған. Осы Хараши қолбасшы әл-Хаджжадж әскерінде шыңдалған жауынгер деп айтылған. Яғни, Ходжент қаласын басып алғандар Хаджжадж араптары болып табылады (Ибн әл Асир араптардың Ходжент қаласын Ферғана ханының келісімімен жаулап алғанын көрсеткен, олар тек сол қаланы ғана жаулап алуға келісім алған). Олар жаулап алған қала әуелде Қохаңды деп аталған (тұрғындары қоқаңдағыш болуы мүмкін). Арабша «Ходженд» пен «Хоханд» өте ұқсас жазылады (خحند – хоханд, خجند – ходженд), осыны ескермеген орыс аудармашылары арабтар келгенге дейінгі оқиғаларда да қаланы Ходженд атауымен көрсете берген. Дұрысында, VIIІ ғасырда хаджжадж арабтары жаулап алып, иеленген қала – Хоханд, олар кейін, ХІ ғасырда ходжа деген ру-ел болып қалыптасқанда қала «Ходжанд» деп аталып кеткен деу орынды. Ал қаласынан айрылған түркі-үзбектер сол аймақта Хоханд атауымен өзге қала тұрғызған. Қазіргі Худжанд пен Хоханд қалалары көрші жатыр (арасы, шамамен 100 шақырымнан асады). Көп ұзамай Хараши қолбасшы халифтің ашуына ұшырап қаза тапқан. Сондықтан халиф хаджжадж арабтарын 351 жылғы Талас шайқасына тартпаған деп тұжырым жасағанымыз жөн. Өйткені, басқа деректе Талас шайқасына қатысқан араб әскері иемендіктер екені жазылған.

Олай болса, VІII ғасырда Ташкент пен Тараз аймақтарына орныққан мұсылман арабтар қазақтар пен өзбектер құрамында болуы тиіс. Өзбектер – ру-тайпаларын әлдеқашан ұмытқан отырықшы халық, сондықтан қай өзбектің атасы арабтан тарайтынын анықтау мүмкін емес. Қазақтар – көне хунь-сақ заманынан бері ру-тайпа болып тәртіптелу дәстүрінен еш айнымаған халық. Қазақта Рамадан деген тайпа бар. Олардың басым бөлігі батыста – Кіші жүз құрамында болғанымен, едәуір бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде отыр. Олардың ата қонысы ертеде Ташкент аймағы болғанын дәлелдейтін деректер бар. «Рамадан» атауы таза араб сөзі екені анық, бұл тайпаның таңбасы дулат тайпасы таңбасымен бірдей. Осы деректер VIIІ ғасырда келген араб мұсылмандары дула (дулат) тайпасы қыздарына үйленіп, қазақ халқы құрамына «рамадан» атауымен жеке ру болып сіңгенін көрсетеді. Сол келген арабтар арасында Мұхаммед пайғамбармен (с.ғ.с.) рулас адамдар да болған. Оларды өзге мұсылмандар «сейд» (мырза) деп атағаны, тәжік еліндегілер әлі де «сейд» деп аталатыны және қожалар арасында ең беделдісі сейд қожалар екені белгілі. Сол сейд арабтар рамадан тайпасында болса жеке ру атауымен сақталар еді. Демек, сейд арабтар өзге қазақ тайпасы құрамында қалған. Ошақты тайпасындағы сейіт руы сол құрметті мұсылман арабтардан қалыптасуы мүмкін. Өйткені, ол руда ата-бабасынан молдалықты, дін жолын ұстанып келген әулеттер көп кездеседі. Сонымен рамадан тайпасы мен сейіт руы VІII ғасырда Ташкент пен Тараз аймақтарына орныққан арабтардан бастау алған деп білеміз. Ал қожа руы Ходженд қаласына қоныстанған Хаджадж арабтарынан VIII-ХІ ғасырларда қалыптасқан (шамамен 250 жыл), Ибн әл Асирде олардың «отаны» Ходженд қаласы екенін көрсеткен. Олар ХІ ғасырдан бастап осы қаладан өзге аймақтарға таралған (Закавказье мен Түркиядағы Ходжалы қалалары, Қарақалпақстандағы Ходжелі қаласы). Қазіргі Қарақалпақстанға VIIІ ғасырда орныққан арабтар нөкіс руы болып қалыптасты және ондағы Нөкіс қаласы атауын солар орнықтырған. Кейін сол нөкіс руының Шымкент аймағына ығысқандары дулат тайпасы құрамына енді (олар арғы тектері араб екенін ұмытқан жоқ). 

Енді Ибн әл Асир деректерінен орыстар Қарлұқ пен Қараханиды деп екі бөлектеген жазбаларды зерттеп көрсек: «Владетелем Баласагуна и Страны тюрков был Шараф ад-Даула (1030-1056). Он был религиозен и удовлетворился повиновением ему его братьев и родственников и разделил страну между ними. Своему брату Арслан-тегину отдал многое из Страны тюрковТараз и Исбиджаб отдал своему брату Богра-хануФергану всю целиком отдал дяде по отцу Туга-хану, а Бухару и Самарканд и другие отдал Ибн Али-тегину. А сам он удовольствовался Баласагуном и Кашгаром.... Они — мусульмане из потомства Афрасиаба Тюрка...Их прадедШабук Кара-хакан, ... во сне своем принял ислам и поутру обнаружил, что он мусульманин. Когда он умер, на его место встал его сын Муса ибн Шабук. И в этом краю царский сан не прекращался среди его потомков вплоть до Арслан-хана ибн Мухаммада ибн Сулаймана ибн Дауда Богра-хана ибн Ибрахима.... Он взбунтовался против Кадир-хана в 494 (1101) г., и тот отнял у него царство, но Санджар убил Кадирхана и вернул царство Арслан- хану... Среди его войска был один вид тюрков, которых называют карлуки и тюрки гузийские... Их тоже два вида. Один вид называют учук, и другой народ, который называют бузук... В этом году, сафаре (1043 г.) приняли ислам 10 тысяч кибиток из неверных тюрков... И принесли в жертву в день праздника Жертвы (зу-л-хиджжа) 20 тысяч голов овец, и Аллах избавил мусульман от их вражды. Они проводили лето в краях Булгара, а зимовали в краях Баласагуна.... Не принявшими ислам среди тюрков остались татары и хитаиони в областях Сина».

Бұл жерде «страна тюрков» деп көшпелі қазақ елі көрсетілгені түсінікті (арабтық түпнұсқада солай жазылуы да мүмкін). Өйткені, отырықшы түркілер (үзбек, үйқыр) отырған аймақты Тараз, Испиджаб (Шымкент), Ферғана, Бұхара, Самарқанд, Қашқар деген басты қалалары арқылы сипаттаған. Қазақ елінің (түркілердің) мұсылман еместерінің ең соңғылары ХІ ғасырдың басында (1043 жылы) ислам дінін қабылдағанын, олардың жайлауға – Бұлғар еліне (Орал тауларынан әрі жатқан аймақ) дейін баратынын, ал қыстаулары Баласағұн аймағы екенін жазған. Баласағұн аймағы да, Баласағұн қаласы да қай жерде екені нақты анықталмаған. Ибн әл Асир түркілердің жайлауда солтүстіктегі алыс Бұлғар еліне (Орал таулары аймағы) барып, қыста Баласағұн аймағын қыстайтынын көрсетеді. Соған қарағанда, ол қазіргі Талас, Созақ, Сарысу, Мойынқұм, Шу аудандары орналасқан үлкен аймақ тәрізді. Оның атауын Баласағұн емес, Таласағын деген орынды. Талас пен Шу өзендері Алатаудан бір жерден ағып шығады,  спутниктік картадан екеуінің арнасы ертеде Телқоңыр деген жерде қосылып, одан әрі Арал теңізіне дейін созылғаны анық байқалады. Қосылып ағып жатқандықтан ол екеуіде сол заманда көбіне Талас өзені деп аталған тәрізді. Яғни, қазіргі Талас, Созақ, Сарысу, Мойынқұм, Шу аудандары жерлері Талас өзені ағып өтетін аймақ болғандықтан, халық «Талас ағыны» деп атап кеткен. Арабша екі атау өте ұқсас, «т» әрпін «б» деп түсіндіріп, бұрмалап орысшалаған: تالاصغن – таласағын, بالاصغن – баласағун.

Түркілердің ислам дінін қабылдамағандары Син аймағында (қазіргі Маңғолия) отырғанын, олардың татар және хитаи болып екіге бөлінетінін жазады Ибн әл Асир. Деректе осы екеуінің де түркі екені анық көрсетілген. Яғни, «Татар тайпасы ол заманда маңғол тілді болған, хитай дегендер – қидандар, олар да маңғол тілділер» деген ресейлік тұжырымдар толық жалған. Бұл жердегі «татар» дегені – татар мен хакас ұлттарын қалыптастырған ел (хакастар өздерін «тадар» деп те атайды, оларды «қырғыз» деп бұрмалайтын Ресей саясаты). Ал «хитаи» дегені – қазақтар, «хазақ» сөзін орысша «хитаи» деп әдейі бұрмалаған. Осы екі сөздің арабша жазылулары мынадай: حظاق – хазақ, حطاى – хатаи. Ескі араб жазбасында «қ» мен «з» әріптеріндегі ноқаттар өшіп қалғанын пайдаланған аудармашы «з» әрпін «т», «қ» әрпін «и» деп түсіндіріп, «хазақ» атауын «хатаи» деп таңбалаған (оны «хитаи» деп түсіндірген). Демек Шыңғысханға дейінде онда отырған керей, найман, меркі (меркіт), маңғыл (маңғы), жалайыр, қоңырат тайпалары мен адайжұрт (тайджут), бөріжігің (борджигин) рулары қазақ халқы деп танылған.

Шабук Карахакан Ресей билігі дайындатқан тарихта Сатуқ Қарахан деп көрсетілген, оның Караханиды мемлекетін орнатушы екені де айтылады. Караханиды мемлекеті 840 жылы (ІХ ғасыр) орнады делінген, яғни, Шабук Карахакан сол жүзжылдықтың өкілі. Ибн әл Асир оның билікте отырып мұсылмандықты қабылдағанын және Афрасиаба Тюрка династиясының ұрпағы екенін жазады (оның деректерінен аталған династия арабтарға жақсы таныс екені байқалады, яғни, ол арабтар Орта Азияға келген заманда да билікте отырған Тюркаш династиясы). Оның мемлекеті құрамына қазіргі Орта Азия мен Қазақстан және Шыңжан аумақтары кірген (Үрімші қаласы орналасқан солтүстік аймағынан басқасы) және мемлекет жерін ең алғаш ХІ ғасырда бауырларына бөліп берген – Шараф ад-Даула хан. Мемлекет әскерінде «карлук» және «тюрки ғузи» деп екі түрлі аталатын халық болған. Ол халық өз ішінде «ушук», «бузук» деп екіге бөлінген (арабта «г», «ч» әріптері жоқ). Жоғарыда орыстардың арабшадағы «қазақ» атауын «карлук» деп бұрмалағанын көрсеттік. Яғни, Ибн әл Асир карлуктардың, яғни қазақтардың екінші атауы тюрки ғузи екенін деректеген. Арабшада ғузи мен ғазақ бірдей десе де болады: غزق – ғазақ, غزى – ғузи. Демек, мемлекет әскері қазақ халқынан жасақталған, оларды «қазақ» деп те, «түркі ғазақ» деп те атаған. Ол қазақтар өз ішінде екі халыққа бөлінген, ондағы «ушук» дұрысында – узбек, ал «бузук» дұрысында қазақ деп білеміз. Өйткені, әріптері ескіріп, кей тұсы өшкен қолжазбадағы «узбек» пен «қазақ» атауларын «ушук» пен «бузук» деп әдейі бұрмалап түсіндіру қиын емес. Олардың арабша жазылулары өзара ұқсас: ذبكو – узбек, شكو – ушук,  قزك – қазак, بزك – бузук («қ» әрпінің бас жағы өшіп көрінбей қалғанын пайдаланып, оны «б» деп көрсеткен).

Ресейліктер әдейі бұрмалап, «ғузи деген – оғыздар, олар ушук пен базук деген екі топқа бөлінген» деп тұжырымдады. Ибн әл Асирдің осы деректерінің оғыз еліне, яғни қазіргі Түркіменстан аумағына еш қатысы жоғы айдан анық. Әңгіме қазіргі Қазақстан мен Өзбекстан және Шыңжан аймақтары жайлы екені айқын көрініп тұр. Сондықтан ресейлік тұжырымның түсінген адамға құны көк тиын.

Билеуші әулет – Афраси Тюрки династиясы («Афрасиаба» сөзіндегі «аба» – орыстық жалғау). Осы атау дұрысында – Асұяшы, екі атаудың арабша жазылуы ұқсастау: اثواشى – асұяшы, افراسى – афраси (әріптерінің кей жері өшіп, ескірген көне жазбадағы қазақы атауларды бұрмалап түсіндіріп, өзгеше етіп орысшалаған Ресей аудармашылары. Бұл – жай қателік емес, олар шын тарихты бұрмалау ниетімен жоспарлы түрде еңбек еткен). Ал «Тюрки» атауы қазақша «төргі» екенін алдыңғы мақалаларымызда айттық. Демек, мемлекетті билеген династия – Төргі Асұяшы, ол тарихқа «Тюрки Ашина» болып енген және Түргеш қағанатын билеген де солар екенін нақты деректермен дәлелдедік деп ойлаймыз.

Мемлекет билеушілері – Шабук Каракахан ұрпақтары, олардың арабша және түркілік есімдері қатар қолданылған. Шабук Каракахан – Асылұя тайпасының өкілі, Төргі Асұяшы (Тюрки Ашина) династиясынан. Мемлекет билігі ХІІ ғасырдың басына дейін осы әулетте болыпты, соңғы ханы – Арысұлан, ол басына түскен қиын жағдайда Санжар сұлтанның көмегіне жүгінген. Санжар сұлтан – Тюрки Селджук династиясының адамы, ол династия да Шабук Карахаканға туыс екені Ибн әл Асир деректерінен анық аңғарылады. «Тюрки Селджук» дұрысында – Төргі Асылжікдинастиясы, сондықтан династия адамдарын халық «асылдан» деп атаған. Ол атауды «султан» еткен арабша жазбалар екенін алдыңғы жарияланымдарымызда айтттық. Яғни, Х ғасырда қазіргі Түркіменстан аумағында оғыз елін билеп, оларға ислам дінін үйреткен, сосын ХІ ғасырда Закавказье мен қазіргі Түркия аумағынбилеген, мұсылман әлеміне жасалған Крест жорығына тойтарыс берген, кейін Осман империясының негізін қалаған Төргі Асылжік (Тюрки Селджук) династиясы ІХ ғасырдағы Шабук Карахакан әулетінен тарайды.

Енді Шабук Карахакан есімін талдап көрейік, оның есімі дұрысында Шаттық болуы мүмкін. Орыстардың оны біресе Шабук, біресе Сатук деп көрсетуі соны аңғартады (арапшада: شاتوق – шатуқشابوق – шабуқساتوق – сатуқ). Ибн әл Асир түркілерде билеушіні «хан» деп атайтынын анық жазған (келесі ақпаратта), яғни «хакан» деген атауды қолданбаған. Негізінен «хан» атауын «каган» деп көрсететін қытай жазбалары, себебін қытай тілі заңдылығынан іздеген жөн. Сол қытайлық бұрма атауды қолданып, арабша жазбалардағы «хан» атауын ыңғайы келсе «хакан» деп орысшалаған – орыс ғалымдары. Сондықтан «Карахакан» дұрысында «Казахкан» деп білеміз. Өйткені Х ғасырда парсы жыршысы Фердауси ол мемлекетті билегендер Казах хандары екенін, халқы «көшпелі жауынгер казах» деп аталатынын анық жазған. Орыстар осы жазбадағы «Казахкан» атауын «Карахан» деп бұрмалау арқылы «Караханиды» атауын тарихқа енгізген. Ибн әл Асир жазбасын орысшалағанда «Карахкан» атауын әдейі «Кара-хакан» деп орыстық «-» белгісі арқылы өзгертіп жіберген. Арабша жазылуында екі атау бірдей десе де болады, тек «з» үстінде ноқат бар, ал «р» үстінде жоқ: كزحكن – казахкан, كرحكن – карахакан. Демек, билеушілердің арғы атасы Шабук Карахакан емес, ол Төргі Асұяшы (түркі ашина) династиясыың өкілі – Шаттық Қазақ хан.

Түркі Ашина (төргі асұяшы) руы таулы Алтайдан шықты, олар VІ ғасырда әуелі қазіргі Қазақстан аумағында Түркі қағанатын орнатқан. Қазақ халқы ол заманда өз атауымен қалыптасып қойғанын алдыңғы жазбаларымызда дәлелдегенбіз. Түркі қағанатыныңда және оның орнын басқан Түргеш қағанатыныңда халқы қазақтарболды, сол себептен билеуші династия адамдарын Орта Азия халықтары (үзбек, тазжік, парсы) «қазақ» деп таныған. Мемлекет билеушісі есіміндегі «Қазақ хан» атауы соның айқын дәлелі. Тараздағы ескі қорымды «Қарахан баба жатқан жер» деп ХІХ ғасырда кесене салдырғандар, «Караханиды мемлекетін билеген қожалар» дейтіндер мүлде қателеседі. Мұның жалған екенін Ибн әл Асир жазбасы дәлелдейді. Қазақ мемлекетін ертеден тек қазақ хандары билеген, қожа немесе араб ешқашан қазақты билемеген.

Осылайша Ибн әл Асир жазбасы Орта Азиядағы алып империя Қазақ хандығы екенін, оның халқы «қазақ» немесе «түркі қазақ» деп аталатынын, ол халық өз ішінде «үзбек» пен «қазақ» болып екіге бөлінетінін тайға таңба басқандай айқын көрсетеді. Яғни, ол заманда үзбек пен қазақ біртұтас халық болған. Ибн Батутаның ХIV ғасырда Алтын орда ханы Мұхаммедті «Узбек хан» деп жазуының себебі, ол мемлекет халқының қазақ деп те, узбек депте атала беруімен байланысты десек, қателеспейміз. Ол кезде тазжік (тәжік) халқы – тауды мекендеген аз ел, қарақалпақтар (қарапапақ) Орта Азияға Кавказдан тек ХІІ ғасырдан кейін жетті. Шыңжандағы үйсүн-үзбектер қырғы тайпасымен араласып, үйқыр (ұйғыр) халқы болып енді қалыптасып жатты. Ал қырғыз елі Орта Азияда жоқ болатын (олар Енисейден тек ХVІІ ғасырда келгенін Алексей Левшин жазады). Түркімен халқы өз аймағында (оғыз елінде), яғни қазіргі Түркіменстан жерінде түзілді. Демек, Ибн әл Асир өмір сүрген ХІІІ ғасырға дейін қазіргі Қазақстан мен Орта Азияның негізгі халқы қазақ деп аталған, олардың отырықшы бөлігі үзбек деп те танылған. Қазақ халқының едәуір бөлігі сол заманда қазіргі Шыңжан мен Маңғолия аймағында да отырған, онда олармен көрші татар халқы да мекендегенін аңғарамыз деректерден.

Сақ елі мен шығыстан ауып келген хуньдардың  араласуымен I ғасыр мен VI ғасыр аралығында Қазақ халқы қалыптасқанын айтқанбыз. Яғни, билік хуньдарда болғандықтан біздің дала «Құңзақ» деп аталғанын (мағынасы: «құң жақ» - хунь аймағы) және ол артынша аймақ халқының атауына айналғанын, кейін атау «Қзақ» болып қысқарып («ұң» бөлігінсіз), сосын «Қазақ» болып біржолата орныққанын алдыңғы мақалаларда дәлелдермен көрсеткенбіз.

Тарихта Қарлук пен Қараханиды мемлекеттері болмаған. Олар – қазақ ұлтының кешегісін жасыру үшін қолданылған жасанды атаулар. Ол екі атау да араб жазбаларындағы «қазақ» атауын бұрмалаудан пайда болған. Түргеш қағанаты заманынан мемлекет біртұтас сақталғанОның халқы қазақ деп аталған және билік Тюрки Ашина (Төргі Асұяшы) династиясында болған. Ал VІІІ ғасырдан бастап мемлекеттің Орта Азия аймағындағы халқы жаппай мұсылмандыққа өте бастаған, халқы қазақ болғандықтан арап деректерінде Қазақ хандығы деп көрсетілген (оны Карлуқ қағанаты деп бұрмалаған орыстар). ІХ ғасырдың басында билеуші Шаттық Қазақ хан мұсылмандықты қабылдап, Ислам мемлекеттің ресми діні дәрежесін иеленген (осы ханды Қарахакан деп бұрмалаған, мемлекет атауын Қараханидыеткен орыстар). Ибн әл Асир жазбасынан ІХ ғасырда Ислам дінін қабылдамаған дала қазақтарының бір тобы бөлініп қалғанын (Қазақстанның солтүстік аймағы), алайда олар да ХІ ғасырдың басында толық мұсылман болып мемлекет билігіне мойынсұнғанын көреміз. Ресей саясаты кәзіргі қазақ елінің солтүстігінде Қимақ қағанаты болған дегізді, алайда онысыда арапша көне қолжазбадағы «қазақ» сөзін «қимақ» деп бұрмалау екенін аңғару қиын емес: قظق – қазақقمق – қимақ (көне қолжазбада «з» әрпінің жоғарғы жағы көрінбей қалғанын пайдаланып, оны «м» етіп көрсеткен).

Өте иманды мұсылман болған Шараф ад-Даула (Әбу Шуджа Арысұлан хан) қазіргі Қазақстан аймағын («страна тюрков») Арысұлан тегің (арслан тегин) деген бауырына, Шымкент (испиджаб) пен Тараз аймағын бауыры Богра ханға, Ферғана аймағын әкесінің бауыры Тоға ханға (туга хан), Бұхара мен Самарханд аймақтарын Ибн Әли тегіңге таратып беріпті. Өз билігінде Қашқар аймағы мен Таласағын (Баласағұн) аймағын ғана қалдырған. Қашқар аймағы қазіргі Қырғызстан, Шыңжан, Алматы, Талдықорған жерлерін, ал Таласағын (Баласағун) қазіргі Шу, Мойынқұм, Талас, Созақ аудандары аумағын қамтыған дегеніміз орынды. Анығында, ол мемлекеттің ең қауіпті аймақтарын өз жауапкершілігіне алған. Өйткені, Қашқар мен Таласағын (Баласағұн) аймақтары шығыстағы дінсіз түркілер (қазақ пен татар) мекендеген Шың (Син) елімен шекаралас болған.

Сонымен Шаттық Қазақ хан әулеті билеген ортаазиялық империя – Түргеш қағанатынан бері тұтастығын сақтаған. Ислам діні келген VІІІ ғасырдан бастап Қазақ хандығы деп аталған және соңғы ханы Арысұлан заманында – ХІІ ғасырда ыдыраған. Оны жойған – қазіргі Маңғолия аймағынан келген дінсіз қазақтар, яғни мұсылман қазақ елін шығыстан келген кәпір қазақтар жаулап алған.

 

Енді сол «мұсылман емес» қазақтар туралы зерделесек, «В этом году (1046 г) из области Тибет вышло бессчетное множество тюрков. Они обратились к Арслан-хану, владетелю Баласагуна, благодаря его за хорошее отношение к подданным. От них не было противодействия его государству, однако же они остановились здесь. И он послал к ним и призвал их принять ислам, и они не согласились, но и не бежали от него, ...находились на

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
6 лет назад 4395
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232