Қан тамырлары шатаспайды...
Қан тамырлары шатаспайды...

Біздің ағзамыздағы қан тамырларының шамамен алғандағы ұзындығы қанша деп ойлайсыз? Мүмкін білетін де шығарсыз, білмесеңіз, біліп қойыңыз – адам ағзасындағы қан тамырларының жалпы алғандағы ұзындығы – 97 000 км құрайды.

Иә, метр де сантиметр де емес, бақандай тоқсан жеті мың километр. Кейбір деректер бойынша, 96 000 км немесе 100 000 км деп те көрсетіліп жүреді. Қандай керемет! Алланың құдіреті мен шеберлігіне тәнті болмасқа амалың қалмайды.

Тек Алланы дәріптеп, мақтау айта бастайсың. Енді қараңыз, күнделікті қолданатын ұзындығы бір метрге де жетпейтін құлаққабымыздың бауы жайшылықта үнемі шатасып қалып жатады. Ал ұзындығы 97 000 км құрайтын қан тамырлары ешқашан шатаспайды! Алланың құдіреті жайында бәр сәтке болсын ойланайық, ағайын!

 Ақерке Сыдықова

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
5 лет назад 5946
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232