Қайрат Құрманбаев: Балағымен бірге ақылы қысқарғандар
Қайрат Құрманбаев: Балағымен бірге ақылы қысқарғандар

Белгілі дінтанушы Қайрат Құрманбаев Ақтөбедегі жағдайға байланысты ойын қысқаша былай білдірді: Әрине оларды айыптайсың. Айыптаудан басқа қолдан келер шара қалды ма? Олардың діні жоқ емес, бар. Өйткені олардың көбі кеше ғана ҚМДБ тағайындаған имамға ұйып мешітте жаныңда тұрып бес уақыт намаз оқыды. Олар діннің атын жамылып жүр деп те айта алмайсың, себебі олар, ашық әрі астыртын идеологияларын насихаттап жүрген жетекшілерінің сызып берген жолымен діндерін ұстануда.
Қызығы, олардың сенімдес, пікірлестерімен бүгін тарауих намазының алғашқы сегіз ракатында бірге тұрамыз. Олар намаздан соң имамдар ел тыныштығын тілеп дұға қылып жатқанда орындарынан тұрып кетулері арқылы ел тыныштығын қаншалықты қалайтындықтарын тағы бір көрсетеді.
Сарапшылар ағартушылық жұмысты күшейту керек деген тоқтамға келіпті. Балағымен бірге ақылы қысқарғандар ағармайтындығына әбден көзім жетті. Жылдар бойы имамның айтқанын місе тұтпағандардың, құзырлы орындардан қорыққандарынан бір күнде өзгеріп шыға келулеріне қарағанда оларға басқа әдіс тиімді әсер ететін секілді. 
Тағы бір қызығы, осы бағыттың алғаш дәнін сепкен кейбіреулер оның тікенді жеміс беретінін ойламаса керек. Басында қолдап, енді тікенді жемісін көргеннен кейін, өз өнімдеріне қарсы шықпауға амалдары қалмай жатыр.
Қысқасы, Ақтөбе оқиғасының басты рөлдегілерімен бірге оның сценариін жазғандар мен эпизодтағылардың да жауапқа тартылуы керек шығар. Алла тыныштығымызды бұзғысы келгендерден сақтасын!

Қайрат Құрманбаевтың фейсбук парақшасынан алынды

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 лет назад 7011
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232
Прямой эфир