Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы кәсіп түрлерін меңгерген еді
Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы кәсіп түрлерін меңгерген еді

Адамның өзінің маңдай тер, табан еңбегімен тапқан табысы ғана адал болмақ. Пайғамбарлардың ешбірі әлдекімнің есебінен күн көрмеген. Бұрынғы пайғамбарлар да, Мұхаммед пайғамбарымыз да (с.ғ.с) әртүрлі қызмет түрлерімен айналысқан. Және өз кәсіптерінде өзгелерге жарқын үлгі бола білген.

Ыдырыс пайғамбар тігінші, Нұх пайғамбар кеме жасаушы, Дәуіт пайғамбар темірші ұста, Зәкария пайғамбар ағаш ұстасы болған. Бұл пайғамбарлар меңгерген мамандықтардың бір бөлігі ғана.

Ал Мұхаммед пайғамбарға келер болсақ, оның бала күнінде бақташы болғанын, кейін саудамен айналысқанын білеміз. Хадиша анамыз ең алдымен оның дәл осы кәсібіндегі адалдығына тәнті болған еді. Алла елшісі атқарған мамандықтар қатарына келесілерді де жатқызуға болады: қолбасшы, қазы, ұстаз, имам, уағызшы, басқарушы. Алайда, оның ең негізгі міндеті адамдарды шындық дініне шақыру, оларға тура жолды көрсету еді.


Ihsan.kz 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 лет назад 6007
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232