Биыл Рамазан айы 13 сәуір мен 12 мамыр арасына түсіп тұр. Ал 9 мамырға қараған түні – қасиетті Қадір түні. Осыған орай Оtyrar.kz жариялаған оразаның пайдасы туралы мәліметті ұсынуды жөн көрдік.
Оразаның 14 пайдасы:
- Ораза лимфоциттердің жұмысын жетілдіреді, адам ағзасының қорғаныш жүйесін нығайтады, иммунитеттерге қатысты жасушалардың құрамын жаңартып, жақсартады.
- Ораза адам денесін май басудан, семіруден сақтайды, оның зардаптарын залалсыздандырады. Бұған дұға, Құран, намаз оқып қана қол жеткізуге болады.
- Ораза бүйректі тас жиналудан қорғайды. Себебі ол кальцийлену процесіне кедергі жасайды, қандағы натрий құрамын көбейтеді. Мұның бәрі несеп жолында тас жинайтын тұздың бөлінуіне тосқауыл болады.
- Ораза адам ағзасын жасушалар мен тіндерде түзілетін зиянды заттармен уланудан сақтайды.
- Ораза ұстаған адамның ас қорыту жүйесі, оның қосалқы жүйесі жақсы жұмыс істеп, ас қорыту мен сіңіруге барлық мүмкіндік ашылады. Бұл жүйелер дұрыс жұмыс істейді.
- Ораза кезінде (ауыз бекіткеннен ауыз ашқанға дейін) әсіресе, жастардың жыныстық сезімдерінде сабырлылық орнайды. Бұл жастардың жүйкелік және физикалық қажуын тоқтатып, оларды тәртіптен ауытқызбайды.
- Оразаның ақыл-естен айырылу дертіне де шипасы мол. Мәскеудің психиатрия институты ашығу және диетаның көмегімен ақылдан адасушылықты емдеуге болатынын анықтап отыр.
- Ораза әйелдердің бала көтеру қабілетін арттырады, ер адамдардың бел күші бұрынғыдан да күшейеді.
- Оразада су ішуден тартыну ағзаның қуатын нығайтады, оқып-үйрену қабілетін жоғарылатады, зердені жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.
- Оразада адам ағзасындағы түзілімнен бұзылым басым болып, ол ауру, әлсіз жасушаларды жояды, қайтадан қалпына келтіру кезеңі басталып, жасушалар жаңарады.
- Оразада шын жүректен Аллаһ Тағалаға сиыну сабыр мен қанағат сезімін сыйлап, ол ағзадағы зат алмасу қызметін нығайтып, адамның тәні мен жанын сауықтырып, қуанышқа бөлейді.
- Ораза адамды жауапкершілік пен өзін-өзі тәртіпке шақыруға үйретеді, себебі ол оразаны іштей де, көптің көзінше де ұстайды емес пе?
- Ораза адамды ешқандай пайда көздемейтін риясыз сезімге, төзімділікке үйретеді. Бұл кезде ол аштық пен шөлді, басқа да қолайсыздықты еш наразылық білдірмей көтеруді үйренеді.
- Ораза адамға қаржыны қалай үнемдеп, ақша қорын қалай байыпты түрде қалыптастыруға болатынын көрсетеді. Егер әр нәрседе қанағат білдіретін болса, үй шаруасын жүргізуге де қаржы аз жұмсалады.
aikyn.kz