Ожау ма, қасық па?
Ожау ма, қасық па?

Қазір телеарна бағдарламаларының дені – шоу. Шоудан өзге бағдарлама жобасын апарсаң ілуде бірі болмаса іске аспайды. Ал, шоудың қандай түрін апарсаң да қанын жерге тамызбай іліп әкетеді. Сол үшін сізбен біздің үйдегі көк сандықты ашып қалсақ – бір әртістің ішкен-жегені, күлген-жүргені жайлы қызылшеке тартыс болып жатады немесе ортаға бір мәселені көлденең салып қояды да, екі жаққа бөлініп алып қызылөңеш дауды сапырады-ай кеп!

Бағдарламаның сипаты шоу болғасын міндетті түрде тартыс болуы керек. Шоудың шарты – мың адам – мың пікір. Ол дұрыс па, теріс пе есеп емес. Тек біріңді-бірің қайталамайсың, қарсы шығасың. 

Мысалы, ортаға кәдімгі ас ішетін қасықты тастап қойды делік, шоуға жиналғандардың бірі тобы оны қасық деп ақиқи мәнін айтса, қалғаны оны теріске шығарады. Өйтпесе, шоу бағдарлама шарты бұзылады.

Дәл осы тұста біліктісі де, білімсізі де бір-біріне қарсы шабады. Әкесіндей кісіге бала, баласындай кісіге әке сөз бермей, қыжыртып, қыңырлатып жұртты бір күлдіріп, шапалақ соқтырып тастаса, жеңген иттей құйрығын қайқайтып, бет-жүзі албырап тоят таба қалады. Онымен де тоқтамайды, келесі бірі «бұл қасық емес, күректің кішірейген түрі, мұны бұрын ескі дәуірде бір ғалым… бірдеңе деген…» осылай кете береді. Мұндайда 50 жастағы ғалым білімділігінен не пайда? 15 жастағы оқушының білмейтіндігінен не зиян? Ойланып қалады екенсің.

Шоуды жүргізушілер (арнайы жаттыққан адам) жалыны қайтқан шаланың шоғын қағыстырып көсеп-көсеп жіберді. Шоқ онан сайын қызарып, жалындап кете жаздап әзер тұр.

Сонымен не дейік, ақыры бағдарламаға берілген уақыт та аяқтайды. Жарқ-жұрқ етіп экран жабылады. Жәудіреп отырған көрерменнің халі не болды? Әлгі талқыға түскен затымыз қасық болды ма, күрек пе, ожау ма, әлде сыпырғыш па?

Енді қызықты қараңыз, қасықты қасық деп танитын бейуаз көрерменнің халі не болды? Аң-таң. Теледидарға шығып сөйлеген кісілердің бәрі бекер адамдар емес шығар, шыныда бұл өзі қасық па? Жоқ ана бір кісінікі қисынды ма? Қараптан қарап отырып бас қатыратын мәселе шықты… Міне, көрерменнің уақытын алып, алдандыру.

Қасықтың күрек емес екені шындық. Ендеше неге бас қатыру керек?

Қазақ айтады, «өтіріктің өзіне сенбейді, ебіне сенеді» -деп. Мың-миллион өтірік, бір ақиқатты бүркемелеп әлек...

Ұларбек Нұрғалымұлының фейсбуктегі жазбасынан 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 лет назад 3820
1 комментарий
  • ООО.баскасын былай койганда атагы дардай Астана мен Казахстан телеарнасын айтсанызшы ундинин унимен балаларды улап журген.5теги бала алланы билмейд ал ундинин киносын жатка билед
    8 лет назад
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232