Жамағат дәрет алатын жерді тазалап жүрген мешіт қызметшісіне бейтаныс жігіт тосынсый жасады. Ол қарияны әңгімеге тартып, соңынан үлкен қажылықтың сертификатын табыстады деп хабарлады turkystan.kz.
Мұндай құрметті күтпеген ата егіліп жылап жіберді.
Көптің көзіне жас үйірген бейнежазбаны айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда белгісіз ер адам әжетхана тазалап жүрген қарияны әңгімеге тартып, өзі де қосылып қол жуғыштарды тазалайды.
«Жүрегі мешітке байланған деген, бес уақыт намазын мешітте оқыған адам емес, осы жерде қызметте болған адам. Алла Тағала сізді қасиетті жерге қонаққа шақырып жатыр. Мынау сізге сертификат»,- деді бейтаныс жігіт.