Менен сегіз нәрсе сұралған түрде таң атырдым
Менен сегіз нәрсе сұралған түрде таң атырдым

Имам Шафиғи бір күні ерте таң намазынан кейін үйіне қайтып бара жатқанда, жолда бір кісіні кездестіреді. Ол кісі сәлем беріп, Имам Шафиғиден қал жағдайын сұрап, “қалай таң атырдыңыз?” деп сұрайды.

Имам Шафиғи қалай таң атырғанын былай баяндайды:

 - Менен сегіз нәрсе сұралған түрде таң атырдым!

 Әлгі кісі аң-таң болып:

 - Хазірет, сізден кім, не нәрсе сұрауы мүмкін?

 Имам Шафиғи күлімсіреп, былай түсіндірді:

 - Зер сал, менен кімдер не сұрауда:

Бірінші, Раббым менен парыздарын сұрауда.

 Екінші, Алла Елшісі менен сүннеттерін сұрауда.

Үшінші, отбасым, бала-шағам күндік ризықтарын, оларға қамқор болуымды сұрауда.

Төртінші, нәпсім оған еруімді сұрап жатыр.

Бесінші, шайтан оның артынан еруімді сұрап жатыр.

Алтыншы, Кирамин Катибин періштелері жақсы амалдар жасауымды сұрап жатыр.

Жетінші, өтіп жатқан күндер қартайуымды сұрап жатыр.

 Сегізінші, ҳазреті Әзірейіл жан алушы періште дайын болуымды сұрауда. Сонымен мен осы сұрақтармен таң аттырудамын. Әр күні ерте азанда бұл сұрақтар өз жауабын күтуде.

Имам Шафиғиді естіген кісі ойланып, кейін сұрады:

 - Ей, имам, бұл нәрселер тек сізден сұралуда ма? Әлде менен де сұралып жатыр ма?

 - Бұл жағын білмедім, өзің ойланып көр!

Әлгі кісі көзін төмен түсіріп, жалғастырады:

 - Әр күні таңда менен осыншама нәрселер сұралатынын білмеген екенмін. Бұлардың жауабын ойлап көруім керек...

mazhab.kz

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 лет назад 3868
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232