МАЛҒА КҮТІМДІ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДАН (ﷺ) ҮЙРЕНЕЙІК
МАЛҒА КҮТІМДІ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДАН (ﷺ) ҮЙРЕНЕЙІК

Сәһл ибн Хандалиа әл-Ансариден (р.а.) жеткен хадис: Бір күні Алла елшісі () таң ата бере сыртқа шығып бара жатып, мешіттің есігі алдында шөктіріп кеткен түйені көрді. Күн батып бара жатқанда әлгі түйені таңға жуық көрген жерінен тағы да көрді, түйе сол бетінде қозғалмаған күйде жатыр. Сол кезде пайғамбарымыз():

‒ Мына түйенің иесі қайда? – деп сұрады. Адамдар түйенің иесін іздеді, бірақ таба алмады. Түйенің таңнан кешке дейін жем-сусыз тастап кеткеніне ашуланған пайғамбарымыз (ﷺ):

‒ Алладан қорқыңдар! Дертін айта алмаған тілсіз хайуандарға хақсыздық қылмаңдар! Оларға күйлі, қуатты, семіз болғанда ғана мініңдер! – деді (Ахмад бин Ханбал).

* * *

Мейірім пайғамбары ретінде жіберілген Алла елшісінің (ﷺ) осы оқиғасы оның хайуандарға да қаншалықты мейірімді екенін көрсетеді. Біз, мұсылмандар, кейде хайуан тұрмақ, адамға да тасжүректік танытамыз.

Сұлтан КЕРІM

Ihsan.kz 

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
8 лет назад 2764
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232