Кім жанашыр, кім надан? Ой саларлық...
Кім жанашыр, кім надан? Ой саларлық...

Мына бейнежазбаға әдемі талдау жасапты. Қарап отырсақ, ішіп алған немесе қатты ауырып тұрған жігіт аялдама орындығында отырып ұйықтап жатады. Оған бір ұры жақындап, алдымен түртеді. Расында ұйықтап жатқанына көзі жеткен ұры әлгі жігіттің қалтасын тінтіп, ақша немесе заттарын алып тайып тұрады. Сәлден соң тағы да бір жолаушы келеді. Сол сәтте әлгі ұйықтап жатқан жігіт тұрып, есін білмеген күйі қалбалақтап барып, шойын жолға құлап түседі. Оны бақылап тұрған жолаушы елең етпестен, тіпті көмек қолын созбастан одан алысырақ барып тұрады. Бір кезде метро да келіп жетеді. Әлгі жігітті ол метро біршама жерге дейін сүйрей жөнеледі. Сол сәтте бағанағы ұры сол маңнан алыстай қоймапты. Дереу метроны тоқтатып, әлгі жігітті құтқарып қалады. Абырой болғанда есін білмеген жігітке анау айтқан еш зақым келмепті... Сондағы ұрының адамгершілігін, жанашырлығын айтсаңызшы... Көрген әсерлірек болады. Көріңіздер!

Nurqanat BaizaqNurqanat Baizaq
9 лет назад 4450
0 комментариев
О блоге
0
2274723 208 535 4879 232